Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы әуе апатынан зардап шеккен жандарға көмектесуге әзір

  • AstanaTV
  • 27 желтоқсан 2019
  • 2291

Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы Алматыдағы ұшақ апатынан зардап шеккендердің туыстарына көмектесуге әзір.  }Хазірет Сұлтан мешітінің наиб имамы Бақытжан Өткелбаев «Зекет» қоры арқылы материалдық көмек көрсетілетінін айтты. Ол мешітке келген бұқараны қан тыпсыруға да шақырды. Қазір елдегі барлық мешітте апаттан қаза болғандар мен жапа шеккендерге рухани қолдау көрсетіліп жатқанын жеткізді.

Бақытжан ӨТКЕЛБАЕВ, "ХАЗІРЕТ СҰЛТАН" МЕШІТІНІҢ НАИБ ИМАМЫ:


Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы «Зекет» қорымен апатқа ұшырағандардың туысқандарына, жақындарына материалдық көмек көрсетуге дайын. Әрине қайғылы жағдай қабырғамызды қайыстырды, апатта қаза тапқандардың туыстарын сабырға шақырамыз. Ал, жарақат алғандарға Алладан шипа болуын тілейміз.

Ғ. Өтемісов