Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырауда "Жайық" өзеніне батып кеткен жасөспірімнің денесі табылды

  • AstanaTV
  • 06 қаңтар 2020
  • 4540

Атырауда "Жайық" өзеніне батып кеткен жасөспірімнің денесі табылды. Іздеу жұмыстарына күннің қатты тұман болуы және түңгі мезгіл кедергі болған. Қалған үш бала дәрігерлер бақылауында. Жасөспірімдер қаңтардың 3-і күні мұз үстінде ойнаған. Сол күні 3-уі құтқарылып, біреуі табылмаған болатын.

Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ, ТІЛШІ:


Бақытсыз жағдай болған жағалау - осы. Қала маңындағы Томарлы ауылының тұсы. Жасөспірімдер үйіндегілерден Жайық өзеніне барып, фотоға түсеміз деп сұранып кеткен. Алаңсыз ойнап, арғы бетке өткенімен, күн тұман болғандықтан қайтар жолда қиындыққа тап болған.

Сол күнгі кешті полицейлер де өкінішпен еске алады. Олар оқиға орнына жеткен кезде балалардың бірі суға батып кеткен. Ал екіншісі өз бетінше жағалауға шығып, көмек шақыруға ұмтылған. Су ішінде қалған екі баланың бірі 102-ге қоңырау шалыпты. 

Қуандық СҮЙІНДІКОВ, №2 ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНІҢ ПОЛИЦИЯ ИНСПЕКТОРЫ:
 
Екі жасөспірім баланы ойылып кеткен мұздың ішінен бір-бірлеп шығарып алдық.  Құтқару қызметі келген уақытқа дейін балаларға алғашқы көмегімізді көрсеттік. Су киімдерін шешіп, өзіміздің үстіміздегі киімімізді кигізіп, қолдары аяқтары үсіп қала жаздаған соң, қол-аяқтарын уқалап. Береке селосына қарай өз күшімізбен шығардық. 

Мамандар тұман, әрі қараңғы болғандықтан іздеу жұмыстарын жалғастыру мүмкін болмағанын айтады. Құтқарушылар суға кеткен баланың денесін араға бір күн салып тапты. 

Асхат ЕРЖАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТА МЕНТІ  БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
 
4-і күні іздеу жұмыстары жүрді. Бірақ күн қатты тұман, қараңғы уақыт болғандықтан, негізгі іздеу жұмыстарын 5-і күні жасадық. Сағат 8-ден бастап құтқару отряды: сүңгуірлер мен кинологиялық қызмет оқиға орнына барып,  жұмысқа кірісті. 7 рет түскенде ғана, кешке 17:35 шамасында баланың денесі табылды. Батқан жерінен 15-20 метрге ағып кеткен. Құтқарушылардың қасында туған-туыстары да болды.

Суға кеткен 15 жастағы Жалғас  Бозжанов - 9 сынып оқушысы. Отбасындағы 4 баланың үлкені, қазақ күресімен шұғылданып жүрген. Бапкері арманы асқақ, болашағынан үміт күткен жас спортшы туралы өткен шақпен сөйлеу қиын,- дейді.

Нұрсұлтан ҚАПАШЕВ, БАПКЕР:


Облыстық турнирде, ҚР турнирлерінде жақсы жақсы жетістіктері бар. Аз ғана уақыттың ішінде өз-өзін көрсетіп білді. Жалғас тәрбиелі, жақсы өзіндік орын бар жақсы бала болды. Достарының арасында адамгершілігі, адаммен сөйлесуі, тәртібі.

Суға кеткен жасөспірімнің денесі ертең жер қойнына тапсырылады. Қазір қыс ортасы болғанына қарамастан өзен әлі толық қатпаған. Демек қауіпті. Бірақ құтқарушылар балықшылар да өзен ортасына қармақ салуын тоқтатар емес дейді.

Б. Нәдірқызы