Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстандағы көпбалалы отбасындағы әр балаға 20 мың теңгеден төлеу дұрыс емес, - Б.Сапарбаев

  • AstanaTV
  • 08 қаңтар 2020
  • 2796

Көпбалалы отбасындағы әр бүлдіршінге 20 мың теңгеден төлеу дұрыс емес. Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев осылай мәлімдеді. Сонымен бірге, атаулы әлеуметтік көмектің күнкөріс деңгейі төмен отбасылардың жағдайын реттеу үшін ғана уақытша берілетінін еске салды. Қазіргі таңда 367 мың отбасыға жәрдемақы тағайындалып, 17 миллиард теңге төленген.

Бердібек САПАРБАЕВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:


Біздің негізгі ұстанымымыз - біріншіден, көп балалы отбасыларды қолдау. Екіншіден, бес балаға қанша шығын кетеді не 1-2 балаға қанша шығын кететінін өздеріңіз білесіздер. Барлығына 20 мың теңгеден төлеу деген дұрыс емес. Себебі, біріншіден оған кететін қаржыны есептеуіміз керек. Екіншісін жаңа айтып кеттім. Ең негізгі мәселе біз халықты жұмыс істеуге, мұқтаж адамдарға беруіміз керек.


Ал зейнетақы есебінен тұрғын үй алуға рұқсат етілсе, салымшының жинағы шамамен 10-12 миллион теңге болуы тиіс. Мұндай 102 мың ғана адам бар. Бердібек Сапарбаев көбісінің жинағы 1 миллион теңгеге жетпейтінін айтты. Ал Халықаралық еңбек ұйымының талабы бойынша зейнетақы жинақтарының кемінде 40% сақталуы тиіс.

А. Данияр