Русский Сайттың толық нұсқасы

Ұшақтың сыртында мұз қатып қалған, - Р. Скляр.

  • AstanaTV
  • 10 қаңтар 2020
  • 2613

Ұшақтың сыртында мұз қатып қалған. Алматы маңындағы "Фоккер" ұшағының апатқа ұшырауына осы себеп болды. Бүгін Премьер-Министрдің орынбасары Роман Скляр БАҚ өкілдеріне, үкіметтік комиссияның анықтаған деректерін жеткізді. Әуе кемесі тұрақта 2 тәулік бойы тұрған, оның сыртында қатып қалған мұзды еріту жұмыстары жартылай ғана жасалған. Бұл ұшақ командирінің шешімі болған деді. Дәл сол күні Атырауға ұшқан ұшақтың да сырты арнайы сұйықтықпен өңделмегені белгілі болған.

Роман СКЛЯР, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРДІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

27 желтоқсан күні сағат 1-ден 7-ге дейінгі уақытта Алматы әуежайында мұзға қарсы сұйықтықпен бес әуе кемесі өңделді, ал бес әуе кемесі өңделмеген. Комиссия бұл істі өз бақылауына алды.

Арнайы топ экипаждың қателігі мен авиациялық техниканың істен шығуы себеп болу мүмкін деген болжамды да жоққа шығармайды. Роман Скляр журналисттерге апат алдында ұшақта болған қарбаласты баяндады.

Роман СКЛЯР, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРДІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

7 сағат 20 минут 53 секундта әуе кемесінің командирі "Бұл не" деп әлденебір жағдайға мазасыздық танытады. Екінші ұшқыш:" Не екенін білмеймін, стабилизаторды дереу теже. Мен мына жерден тоқтатамын» деп жауап беріп, әрі қарай бейәдеп сөздермен жалғастырады.
 
А. Мүтәли