Русский Сайттың толық нұсқасы

Мұғалім мерейін өсірген заң ұстаздардың жұмысына серпін бермек - Шавхат Өтемісов

  • AstanaTV
  • 10 қаңтар 2020
  • 2185

Парламент депутаттары, "Nur Otan" фракциясының мүшелері Атырау облысының 3 ауданында болып, 10 ауылдың халқымен кездесті. Мақсат - қолданысқа енген жаңа ережелермен таныстырып, бұқараны толғантқан мәселелерді тыңдау. Олар алдымен ауылдағы әлеуметтік нысандарды аралады. Кейін азаматтарды жеке қабылдап, мұң-мұқтажын тындады. "Жайық" бойын жағалай қонған ауылдардың басты мәселесі - өзеннің экологиялық ахуалы. Одан бөлек апатты мектептер мен тозығы жеткен ауруханалардың мәселесі де көтерілді.  

Бақтыгүл ХАМЕНОВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "NUR OTAN" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Көбіне ауыл болсын, аудан болсын, қала болсын барлық жерде Жайық өзенінің жағдайы өзекті мәселе болып көтеріліп жатыр. Атырау облысындағы ісік ауруларының жағдайы, халықты  қынжылтып отырған мәселенің бірі деуге болады.

Ал, мұғалім мәртебесі туралы жаңа заң ұстаздардың жұмысына серпін бермек. Өйткені үмітін үкілеген шәкірті жарыстарда топ жарса, мұғалімнің табысы еселене түседі. Демек, жас спортшыларды баптайтын мамандардың да еңбегі еленбек. Бұл туралы Оралдағы дарынды балаларға арналған спорттық кешен қызметкерлерімен кездескен мәжілісмендер айтты. Бұл оқу кешені 250 балаға арналған. Бұдан бөлек тігін өнерін де меңгереді. Ағаш ұсталығына бейімі бар балаларға да барлық жағдай жасалған.

Шавхат ӨТЕМІСОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "NUR OTAN" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Мынандай спорт кешен ашылғаннан кейін, осындай спорттық орталық болғаннан кейін елімізде біз әлі талай батысқазақстандық спортшылардың атақтарын естіп, біздің еліміздің туы биіктен көрінетініне ешқандай күмән жоқ.

Е. Карин