Русский Сайттың толық нұсқасы

Филиппинде жанартау атқылады

  • AstanaTV
  • 13 қаңтар 2020
  • 2145

Қазақстандық туристер Таль жанартауының атқылауына байланысты Филиппинде қалып қойды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты. Ол вулканнан отандық туристер зардап шекпегенін айтты. Қазір жұртты эвакуациялау шарасы жүріп жатыр. Әзірге барлық әуе рейстері кейінге шегерілген. 

Айбек СМАДИЯРОВ, ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Қазіргі кезде екі турист хабарласып, Маниладан ұшып кете алмайтынын жеткізді. Біздің мәліметтерге сәйкес олар 15 қаңтарда басқа қалаға ұшуды жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта Манила әуежайы жабық тұр.

Ал нөсер салдарынан су астында қалған Біріккен Араб әмірлігінде жағдай тұрақталды. Елде соңғы үш күнде жауынның мөлшері 190 мм-ге дейін жеткен. Әуежай мен қала көшелерін су басып, әуе рейстері кешеуілдеді. Сыртқы істер министрлігінің ондағы отандастарымыз аман-есен елге оралғанын жеткізді.

Ғ. Өтемісов