Русский Сайттың толық нұсқасы

Желіде таралған порнокастинг жарнамасы тексеріліп жатыр

  • AstanaTV
  • 16 қаңтар 2020
  • 4212

Порнокастинг туралы ақпарат тексеріліп жатыр. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз өкілі мәлімдеді. Желіде әйгілі канадалық порностудиясының таңбасы жапсырлыған көлік қызу талқыға түсті. Оны тұрғындар бас қаладағы көшелердің бірінде байқап қалған. Онда кастинг ұйымдастырылып, жұмысқа орналастырылатыны жазылған. Полиция департаментінің өкілдері әзірге қала тұрғындарынан ешқандай шағым түспеді деп отыр.

Эльмира ШАУЛЕНОВА, НҰР-СҰЛТАН қ. ПД БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Департамент бұл ақпаратты тексеріп жатыр. Егер факт дәлелденсе, кінәлілер қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Егер жәбірленушілер немесе куәгерлер болса, полиция департаментіне шағымданса болады.

Ғ. Өтемісов