Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстанда ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды

  • AstanaTV
  • 17 қаңтар 2020
  • 3348

Қазақстанда ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды. Ұлттық қауіпсіздік комитеті Нұр-Сұлтан, Қарағанды және Алматы қалаларында арнайы операция жүргізіп, 17 адамды тұтқындаған. Ведомство оларды ел экономикасына айтарлықтай залал келтірген деп отыр. Қылмыстық топ 300 миллиардтан астам ақшаны заңсыз шығарыпты. Осылайша салықтан жалтарып, мемлекет бюджетіне ай сайын 3 миллиард теңгеден шығын келтіріп отырған. Сонымен қатар, шетелдік және ұлттық валютадағы ақша қаражатының ірі сомасы аударып отырғаны да белгілі болды. Арнайы операция нәтижесінде олардан бірнеше ноутбук, кассалық аппарат, жалған мөр мен құжаттар тәркіленді.

А. Мүтәлі