Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырауда тастанды баланың анасы табылды

  • AstanaTV
  • 17 қаңтар 2020
  • 2952

Атырауда баласын далаға тастап кеткен безбүйрек ана табылды. Бұл туралы қазір ғана Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Ол - Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының 22 жастағы тұрғыны болып шықты. Полиция үшінші күн дегенде іздеп тапты. Жедел басқару орталығы бейнекамераларының көмегімен табылған. Естеріңізге салайық, шақалақты атыраулық зейнеткер Надежда Пали тауып алған еді. Үсіп өлудің аз ақ алдында қалған нәресте қазір дәрігерлер бақылауында. Салмағы 3 келі 340. Бойы - 50 см сәбидің денсаулығы қалыпты дейді,- ақ халаттылар. Тіпті тастанды сәбиге дәрігерлер Ұлдана Ғалымова деп есім дерді. Ал қыстың қарасуығында сәбиін далаға тастай салған анаға қатысты  қылмыстық кодекстің 119 бабының І бөлігімен, яғни «қауіпті жағдайда сәбиді дәрменсіз күйінде көрнеу көмексіз қалдыру» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Б. Надирқызы