Русский Сайттың толық нұсқасы

Елордада боранның кесірінен 34 әуе рейсінің уақыты кейінге шегерілді

  • AstanaTV
  • 17 қаңтар 2020
  • 2768

Елордада боранның кесірінен 34 әуе рейсінің уақыты кейінге шегерілді. Оның 7-еуі халықаралық. Одан бөлек, қала маңындағы елді-мекендерге қатынайтын қоғамдық көліктердің де жұмысы уақытша тоқтатылды. Бұрқасын қашанға дейін жалғасады? Асылбек Данияр тарқатады.

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Меруерт Рахымбердиева жұмыс барысымен таңғы 9 да Алматыға ұшуы тиіс болған. Алайда, ауа райына қолайсыздығына байланысты рейсі бірнеше сағатқа кешіктіріліпті. Жолдан қалған жолаушылар ешқандай ескерту хаты жіберілмегеніне наразы. 

Меруерт РАХЫМБЕРДИЕВА, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Таңертеңнен бері задержка, задержка кешіктіріліп жатыр. Қазір 14:40 та деп жатыр. Енді 14:40 та ұшатын шығармыз деп ойлап тұрмыз. Уже қанша уақыт өтіп кетті, 6-7 сағат. Неге алдын ала айтпағанын. Осында аэропортта қанша уақытты кетіріп бекерден-бекер.

Исламбек ТӨЛЕГЕНҰЛЫ, ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:


Бүгін таңертең 5-те Алматыдан Нұр-Сұлтанға ұшып келдім. Кесте бойынша 8:40 та ұшуым керек еді. Әуежайдағылар ауа-райына байланысты Қостанайға рейс 14:40 та ұшатынын айтып еді..Енді рейс ертеңге шегіріді деп жатыр.

Назарбаев халықаралық әуежайы өкілінің айтуынша, қазір ауа райының қолайсыздығына байланысты ішкі 27, халықаралық 7 рейстің ұшу уақыты кешіктірлді.

Жеңіс АХМЕТЖАНОВ, Н.НАЗАРБАЕВ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘУЕЖАЙЫ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ PR-МЕНЕДЖЕРІ:


Қазіргі уақытта басқа қалалардан әуе кемелерінің кеш келуі себебінен 18 рейс кешіктіріліп жатыр. Ұшулар қауіпсізігі мақсатында желдің жылдамдығы секундына 15 метрден асқан кезде әуе кемелерін мұздануға қарсы сұйықтықпен өңдеуге жол берілмейді.

Ал қалаға қатынап жұмыс істейтіндер бүгін таксиге мінуіне тура келді. Бас шаһардың маңайында орналасқан елді-мекендерде бораннан жол жабылып, бірнеше бағыттағы автобус жұмысын уақытша тоқтатқан. "Astana LRT-нің" қызметкері, қаладағы қоғамдық көліктердің қатынау уақыты да ұзаратынын жеткізді.

Науат АЗАНБАЕВА, "ASTANA LRT" ЖШС ҚОҒАММЕН БАЙЛАНЫС ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Барлық қала маңына қатынайтын автобустардың қозғалысы тоқтатылған. Тек қана Қосшы ауылына 301,303 және 320 бағыттары ғана жүреді. Жібек жолына жүрген болатын. Бірақ қар басып, сол жерге автобустар бара алмай қалған. Сол себептен 20-дай бағыт тоқтатылған болатын. Егер оның қозғалысы қалпына келсе, біз оны әлеуметтік желіде хабарлайтын боламыз.

Қазгидромет мамандары боранның түнде тоқтайтынын айтты. Сондай-ақ еліміздің басым бөлігінде алдағы үш күн бойы аяз сақталатынын жеткізді.

Лаура ҚАНАТ, ҚАЗГИДРОМЕТ ОРТАЛЫҒЫ ҚЫСҚА МЕРЗІМГЕ БЕРІЛГЕН БОЛЖАМДАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ ИНЖЕНЕР-СИНОПТИГІ:


Қаңтардың 21-і ауа температурасы төмендейді. Бірақ өте қатты суық болмайды. Ақмола облысы бойынша кейбір жерлерде -23 градус аяз болады. Республикамыз бойынша солтүстік аймақтарда атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты қар жауып бұрқасын болса, оңтүстік аймақтарда жылбысқы қар жауады.

Аяз бен боранға байланысты бірқатар тас жолдар жабылып, Қарағанды, Нұр-Сұлтан қалаларында бірінші, екінші ауысымдағы сабақтар тоқтатылды.

Асылбек ДАНИЯР, ТІЛШІ:

Синоптик маманадар Қазақстанның басым бөлігінде көктайғақ болып, көру қашықтығы 500 метрден төмен тұман сақталатынын айтты. Сондай-ақ, Төтенше жағдай мамандары алыс жолдарға шықпауға кеңес берді.

А. Данияр