Русский Сайттың толық нұсқасы

АИ-92 бензинінің тапшылығын жою үшін отандық мұнай өңдеу зауыттары өзге жанармайдың өндірісін азайтты

  • AstanaTV
  • 09 қазан 2017
  • 2376

АИ-92 бензинінің тапшылығын жою үшін отандық мұнай өңдеу зауыттары АИ-95 пен АИ-80 жанармайының өндірісін азайтты. Бұл туралы баспасөз мәслихатында Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов мәлімдеді. Оның айтуынша, осы шарадан соң АИ-92 бензинінің көлемі 14 мың тоннаға артқан. Әсет Мағауов жанармайдың азаюына әкеліп соқтырған бірнеше себепті атады. Зауыттардың жөндеуге тұрғанымен қоса, жаздан бері жанармай қоры азайып, Ресей импортының артуы да себеп. Жағдай алдағы 1-2 аптада қалпына келеді деп сендірді министрдің орынбасары.

Әсет Мағауов, ҚР Энергетика министрінің орынбасары:

АИ-92 бензинінің тапшылығы қыркүйек айынан басталды. Тапшылық боларын алдын ала білдік, өйткені Атырау зауытында жөндеу жұмыстары жүрді. Яғни АИ-92 маркасының азаятынын болжадық. Оған қоса, 20-шы қыркүйекте Павлодар мұнай өңдеу зауытында да жөндеу жұмыстары басталды. АИ-92-нің көлемін арттыру үшін, біз АИ-95 және АИ-80 маркаларының өндірісін азайттық. Сөйтіп АИ-92-нің көлемін Атырау мұнай өңдеу зауытында 14 мың тоннаға дейін көбейттік.