Русский Сайттың толық нұсқасы

Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданына қарасты Мәдениет ауылында дәрігер жоқ

  • AstanaTV
  • 20 қаңтар 2020
  • 5813

Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданына қарасты Мәдениет ауылында дәрігер жоқ. Редакциямызға хабарласқан көрерменнің айтуынша, ауылдық дәрігерлік амбулаторияға денсаулығы сыр беріп барған тұрғындарға ешкім қызмет көрсетпейді. 1000-нан астам адамы бар ауыл халқы- аудан, тіпті облысқа дейін арыздандық дейді. Бірақ мәселе бәз-баяғы қалпында қалған.

Шалқар ӘМІРТАЕВ, ШҚО АЯГӨЗ АУДАНЫ МӘДЕНИЕТ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Участковый врач деген бізде жоқ. Декретке шығып кеткен 2 жыл болды жоқ. Больницаны кішкене жүйеге келтіру керек қой. Аягөзге звандасам керек қылмайды. Таңертең мен барсам дәрігер жоқ дейді. 20 киллометр жерде 2-3 савхозды қосқан ғой. Енді қосса отырса ғой сағатымен. Мынадай комнатаның жазуы жоқ, сағат нешеде қабылдайды анау-мынауы жоқ, түк жоқ. Ауырып тұрмын қаралайын десем дәрігер жоқ.


Оксана ПЕТЕРС, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:

Осы мәселеге байланысты Аягөз аудандық ауруханасының бас дәрігері Шалқар Омаров бізбен тілдесуге дайын екен. Қайырлы кеш, Шалқар Жүнісұлы! Сіз тікелей эфирдесіз! Тұрғындардың шағымын өзіңіз естідіңіз. Неліктен ауыл жұртына дәрігердің қызметі қолжетімсіз болып тұр?

Шалқар ОМАРОВ, АЯГӨЗ АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ:

Енді, Аягөз ауданының Мәдениет ауылында 2019 жылы сол ауылдың жұмыс атқарған жас маман шілде айында декреттік демалысқа кетуіне байланысты болатын. Енді бүгінгі күнде мамандарың тапшылығына байланысты көршілес Қосағаш ауылынан дәрігер кезекті түрде аптасына 2 рет келіп жұмыс атқарып жүр. Ал енді шұғыл жағдайда экстренный жағдайда күндіз-түні барып қарауға ол маман дайын. Сонымен қатар, сол ауылда 4 орта буынды қызметкер жұмыс атқаруда.


Оксана ПЕТЕРС, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:

Енді бұл олқылықты қашан жоясыздар түбегейлі? Бір нақты маман қашан жұмысқа шығады?

Шалқар ОМАРОВ, АЯГӨЗ АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ:


Бұл олқылықтарды жою мақсатында біз қазір Қазақстанның enbek.kz сайтына да жарнама берілген. Сонымен қатар, медициналық университеттерде де жұмыс жасалып жатыр. Енді ауылға келіп жұмыс істейтін мамандар келген жағдайда , жергілікті әкімшілік тараптан  берілетін көтерме сыйақылары да барлығы түгел тағайындалған. Осы мақсатта бүгінгі күнде әлі жұмыс жасалып жатыр.

Оксана ПЕТЕРС, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:

Дәрігердің алатын айлығы қанша екен? Бізді көріп отырған көрермендер, болашақ дәрігерлер, қазіргі дәрігерлер мүмкін жұмысқа орналасуға ынта білдіретін шығар. 

Шалқар ОМАРОВ, АЯГӨЗ АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ:

Енді, дәрігердің айлығы өзінің қызмет еткен стажына және дәрігердің катигориясына байланысты. Орта есеппен 120 000-нан басталады. Қосымша көтерме ақыда алуына болады.

Оксана ПЕТЕРС, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:

Сұхбатыңызға рақмет! Еске салайын бізбен тікелей эфирде байланыста болған Аягөз аудандық ауруханасының бас дәрігері Шалқар Омаров. Тұрғындардың мәселесі жақын арада шешіледі деп сенеміз. Біз де бұл жағдайды өз бақылауымызға аламыз. Қымбатты көрермен, сіздің де мәселеңіз болса, экрандағы телефонға хабарласыңыз! Біз сізбен бірге тікелей эфирде жауап іздейміз.


А. Данияр