Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбеде 40 жастағы тұрғын жедел жәрдем ауруханасының автотұрағында қаза тапты

  • AstanaTV
  • 21 қаңтар 2020
  • 2865

Ақтөбеде белгісіз біреулер Жедел жәрдем ауруханасының автотұрағына өлімші болып таяқ жеген ер адамды тастап кеткен. Қатты соққы алған тұрғын тілге келместен қаза тапқан. Оқиға 15 қаңтар күні түнде болған. 40 жастағы азамат көптеген дене жарақатын алған көрінеді. Қанды оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің «Адам өлтіру» фактісі бойынша іс қозғалып, тергеу басталды. 

Ерболат САРҚҰЛОВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Ағымдағы жылдың 18 қаңтарында полиция қызметкерлерінің жедел -іздестіру іс-шараларымен аталған аса ауыр қылмыс ашылды. Үш адамнан тұратын күдіктілер анықталып, ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Б. Рақметова