Русский Сайттың толық нұсқасы

«СК-Фармация» басшысы Максим Касаткин 2 айға түрмеге жабылды

  • AstanaTV
  • 09 қазан 2017
  • 2442

«СҚ-Фармация» басшысы Максим Касаткин 2 ай мерзімге түрмеге жабылды. Бұл туралы «Астана» телеарнасының ресми сұрау хатына Астана қаласының  №2 соты жауап берді. Биыл Мемлекет басшысының қатаң сынына ұшыраған «СҚ-Фармация» компаниясының басшысы бұл қызметке ақпан айында келіп, Нұржан Әлібаевты алмастырған еді. Әзірге оның қандай қылмыс үшін күдікті ретінде ұсталғаны белгісіз. Айта кетейік, «СҚ-Фармация» - Қазақстанда дәрі-дәрмек сатылымымен айналысатын жалғыз компания.