Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыдағы ұшақ апатынан зардап шеккендердің жағдайы жақсарып келеді

  • AstanaTV
  • 23 қаңтар 2020
  • 2235

Алматыдағы ұшақ апатынан ауыр зақым алған елордалық науқастардың жағдайы тұрақты. Оларға бірнеше күрделі ота жасалған. №2 травматология бөлімінің меңгерушісі Александр Степанов, политравма алған науқастарды емдеуге тек бас қаладағы аурухана қауқарлы деп отыр. Сондықтан, ауыр халдегі науқастар бірден Нұр-Сұлтанға жеткізіліпті. Дәрігер қазір олардың денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ,- деді.

Александр СТЕПАНОВ, НҰР-СҰЛТАН қ. №2 ТРАВМАТОЛОГИЯ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

Екі науқастың да жағдайы жасқарып келеді. Қазір ауруханадан шығаруға дайындап жатырмыз. Дегенмен ұзақ уақыт оңалту шараларын қабылдауы қажет. Барлығы науқастардың талпынысы мен иммунитетіне байланысты. Менің болжамым бойынша жарты жыл ішінде олар толық айығып кетеді.


Еске сала кетейік, 27 желтоқсанда Алматыдан Нұр-Сұлтанды бетке алған "Bek Air" әуекомпаниясының «Fokker-100» ұшағы апатқа ұшырған еді. Қайғылы оқиғадан 12 адам қаза тауып, 52 адам ауыр жарақат алған болатын. Қазір зардап шеккендердің басым бөлігі ауруханада ем қабылдап, үйлеріне босатылған.

Ғ. Өтемісов