Русский Сайттың толық нұсқасы

ШҚО- нда «Абай жолы» мен «Қара сөздері» Брайль тілінде жарық көрді

  • AstanaTV
  • 23 қаңтар 2020
  • 4933

Абай шығармалары Брайль тілінде жарық көрді. Шығыс Қазақстан облысындағы зағип жандар кітапханасында ақынның қара сөздері тұңғыш рет қазақ және орыс тілдерінде таныстырылды. Бұл -  ерекше жандардың 175 жылдық мерейтойға тартуы. Мұқтар Әуезовтың «Абай жолы» романы мен Ұлы ақынның «Қара сөздерін» Брайль тіліне аударуға бір айдан астам уақыт кеткен. Жобаны кітапхананың шығармашылық тобы өздері жүзеге асырыпты. Олар енді ақын өлеңдерін графикалық кескіндермен бейнелеп шығаруды жоспарлап отыр. Қазірдің өзінде нүктелі ірі қаріптердегі «Абай жолы» мен «Қара сөздерге» қызығушылар көп екен. Тіпті оқырмандар кезекке тұратын болған.

Балнұр НҰРАХМЕТОВА, ШҚО ЗАҒИП ЖӘНЕ КӨЗДЕРІ НАШАР КӨРЕТІНДЕРГЕ АРНАЛҒАН КІТАПХАНА ҚЫЗМЕТКЕРІ:

Бұл кітап 4 томнан тұрса, зағиптардың Брайль қарпімен 21 кітап болды. 1 том 865 бетке Брайль қарпімен шығардық. Қазақ кітабы бізде көбінесе сайттарда көп болмайды. Сондықтан оны табуға кішкене қиналдық.

Ал, Павлодарда «Абай оқулары» өтті. Оған АП-162-де 3 колониясында жазасын өтеп жатқандар мен түрме қызметкерлері қатысты. Шара барысында олар Абайдың өлеңдері мен қара сөздерін оқып, әндерін шырқады. Түрме әкімшілігі жазасын өтеушілерді тәрбиелеудің тың жолын тапқан. Сондықтан да, сотталғандарды түзу жолға салар шығармаларын дәріптеуді қолға алған. Әдеби-сазды шарада 10-ға тарта жазасын өтеуші қатысты.

Арман СӘНДІБАЕВ, ЖАЗАСЫН ӨТЕУШІ:

Қазіргі жағдай Абайдың шығармасы актуалды. 200 жыл бұрын болған оқиға қазірде қайталанып тұр. Бізде бір ғана өзгеріс бізде материалдық жағдай бұрынғы жағдайдан басқаша. Менталитет, өмір салтымыз, сол қалпы еш дамусыз қалып тұр. Ғылымға ұмтылмаймыз. Жұмыс істеуден арланамыз. Абай не дәріптейді. Ғылым білімді дәріптейді. Басқа ұлттардан біздің кемшілігіміз жоқ екенін дәріптеп тұр. «Есектің артын жусаңды мал теп» -арланба дейді. Ақша тап дейді.


Ө. Қуанар