Русский Сайттың толық нұсқасы

Bek Air әуекомпаниясы ұшақтың бөлшектерін бекіту үшін скотч пайдаланған

  • AstanaTV
  • 24 қаңтар 2020
  • 1485

Bek Air әуекомпаниясы ұшақтың бөлшектерін бекіту үшін скотч пайдаланған. Бұл туралы Қазақстанның авиациялық әкімшілігі хабарлады. Сондай-ақ ұшақ дөңгелектерінің тозығы жеткен, ал қозғалтқышынан май ағу фактілері де тіркеліпті. Осындай кемшіліктерді байқамаған немесе көре тұра көз жұма қарап, әуе компаниясына сертификат берілуіне жол берген инспекторлар қазір жұмыстан шеттетіліпті.

Линда ОРЛЕДИ, "ҚАЗАҚСТАННЫҢ АВИАЦИЯЛЫҚ ӘКІМШІЛІГІ" АҚ ҰШУ ҚАУІПСІЗДІГІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ:

Қозғалтқыштардан аққан май фюзеляждан өтіп кетпесі үшін астына ыдыс қойған. Авиациялық скотч деген бар, бірақ оны емес басқасын қолданған. Жалпы барлық анықталған кемшіліктерді арнайы журналға тіркеуі қажет қой, бірақ компания оның ешқайсын тіркемеген.

Ә. Өмірзақ