Қазақстандық санавиация ұшағынан бас тартып, Түркиядан өз жолдарымен келген қазақстандық туристтердің соңғысы осы аптада ауруханадан шығарылады. Бұл туралы Алматыдағы көпсалалы клиникалық аурухана дәрігері айтты. Айбек Әжібековтың мәліметіне сай, 1992 жылы туылған Әсел Сағындықоваға офтальмолог, невропатолог және нейрохирург дәрігерлердің көмегімен ота жасалған. Қазір науқастың жағдайы қанағаттанарлық, дейді.
Айбек Әжібеков, Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасының дәрігер-хирургі:
Науқасқа бөлімшеде жедел түрде жалпы жансыздандыру арқылы ота жасалынды. Бет сүйегінің гепозициясы. Қазіргі таңда жағдайы отадан кейінгі қанағаттанарлық. Есі анық. Науқас қазіргі таңда ауруханадан шығарылуға дайындалуда.
Естеріңізде болса, қыркүйектің 21-і 7 қазақстандық Анталияда жол апатына ұшыраған. Жантүршігерлік апаттан аман қалған науқастардың төртеуі елге қыркүйектің соңында жеткізілген еді.
Олжас
НҰРЖАҚЫП