Русский Сайттың толық нұсқасы

Елбасы «Астана» халықаралық қаржы орталығының басшысы Қайрат Келімбетовті қабылдады

  • AstanaTV
  • 10 қазан 2017
  • 2441

Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығының басшысын қабылдады. Қайрат Келімбетов Президентке орталықты іске қосу үшін жүргізіліп жатқан әзірлік жұмыстары туралы баяндады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Жоспар бойынша ол 2018 жылдың қаңтарында ашылуы тиіс.

Қайрат Келімбетов қаржы орталығының Тәуелсіз соты мен Халықаралық арбитраждық орталықтың нормативтік құжаттарын дайындау жұмыстары аяқталғанын жеткізді. Сондай-ақ орталықты дамытудың негізгі бағыттары жөнінде мәлімдеп, жоғары технологиялық биржа құру барысы туралы айтты. Өз кезегінде президент ұсынылған есепті назарға алып, бірқатар нақты тапсырма берді.