Алыс жолға шыққан жүк көліктері боран басылғанша қар құрсауынан шығарылмайды. Мәселе бұл көлік түрінің көлемінде. Яғни апат болған жағдайда бүкіл жолды жауып қалуы мүмкін. Бұл туралы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев айтты. Ал екі күн бұрын «Нұр-Сұлтан - Щучинск» бағытында жолға шығып, діттеген жеріне жете алмаған жеңіл көлік тізгіндегендер бүгін құтқарылды.
Әлішер ӨМІРЗАҚ, ТІЛШІ:
Нұр-Сұлтан - Щучинск бағытында бір емес бірнеше күн ауа-райының бұзылуына байланысты жолда қалған көліктер қазір жол ашылып, қалаға беттеді. Олардың арасында қымбат, арзан көліктер де бар. Ал жаңа білгеніміздей, арасында қаланың сыртына құрылыс материалдарын алып шығамыз деп жолда қалып кеткен жүк көліктері де бар.
Қар құрсауынан шыққандардың бірі құтқарушыларға алғыс айтса, енді бірі тым ұзақ күткендерін жеткізді.
БЛИЦ:
- Енді МЧС-тер молодец, жолда ашып келе жатырмыз ғой.
- Службы вообще плохо работают. Мы 18 с Щучинска ехали до Акколь. В Акколе сутки были. (- Было предупреждение, почему вы выехали?) Дело в том, что мы, когда ехали нас ГАИ пропустили. Мы подумали, что дорога открыта. Если бы они не пропустили, мы бы конечно не выехали.
Бұл 124 көлік үйіне жетсе, алыс жолға шыққан жүк көліктері әлі қар құрсауында тұр. Ішкі істер министртілі оның себебін былай түсіндірді.
Ерлан ТҰРҒЫМБАЕВ, ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІ:
Жүк көліктері апатты көліктер ғой. Ұзын. Апатты жағдай болатын болса трассаның бәрін жауып тастайды. Сол үшін оларды шығарып жатқан жоқпыз. Қазір жеңіл автокөліктерді жіберіп жатырмыз. Көп азаматтар сол жеңіл көліктердің ішінде келе жатыр. (- Жүк көліктері боран тоқтағанша күтеді ғой?) Иә, күтеді, күтеді.
Нұр-Сұлтан қаласына барлық бағыттағы жолдар жабық. Ал қала ішінде жауған қарды шығаруға қолданыстағы техника жетпейді. Сондықтан мемлекеттік резервтен тағы техникалар шығарылған. Қаладағы төтенше жағдай үшін қосымша 200 млн теңге қаржы бөлінді.
Марат КӨЛДІКОВ, ҚР ІІМ ТЖД БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Бұл қаржыға тек техника емес, жылыту пунктерін жасау үшін құрылатын палаткалар да кіреді. Адамдар егер елдімекендер болмаса, соның ішіне кіріп жылынады. Палаткада төсек-орын, жылыту аппараты болады.
Әлішер ӨМІРЗАҚ, ТІЛШІ:
Министр Ерлан Тұрғымбаев тағы бірнеше облыста төтенше жағдай тәртібі енгізілуі мүмкін екенін айтты. Олардың қатарында Қарағанды облысы да бар. Бұл аймақта да ақ түтек боран басылмай тұр. Өңірдегі әріптесім Айжан Қуаш жағдайды баяндауға кезек күтіп тұр. Айжан, Сіздерде де жолдар жабылған болар?
Айжан ҚУАШ, ТІЛШІ:
Иә, Әлішер Қарағанды облысында барлық бағыттағы жолдар жабылған. Өйткені бүгін желдің жылдамдығы секундына 28 метрге жетті. Бұл соңғы аптадағы ең қатты ақ бұрқасын сияқты. Айналада түк көрінбейді.
Қазіргі таңда Қостанай, Ақмола, Павлодар облыстарына, сондай-ақ қала, аудандарға да қатынау мүмкін емес. Қалааралық қоғамдық көліктер жолға шыққан жоқ. Соған қарамастан жол бойында қалған тәуекелшіл жұрттың қарасы азаяр емес. Мәселен, "Шымкент- Нұр-Сұлтан" бағытындағы автобус 30 жолаушымен қар құрсауында қалған. Төтенше жағдай қызметкерлері оларды Ақсу- Аюлы кентіндегі спорт мектебіне орналастырыпты.
Эльдор ТАТИЕВ, ЖОЛАУШЫ:
Ауа райына байланысты жолда қалып кеттік. Міне Ақсу- Аюлы деген ауылда, қазір спорт залында жылы жерде отырмыз. Рақмет ауылдың халқына.
Соңғы бірнеше тәулікте жүздеген жолаушы, жұмысшылар мінген автобустар жолда қалып қойған. Оларды құтқару шаралары әлі жүріп жатыр. Ал, науқастарды ауруханаларға арнайы техникалармен жеткізілуде. Тіпті қала ішінде де көліктердің кептелісі сейілмей тұр. Коммуналдық мекемелер боранға қарамастан тазалауға шыққанымен, үлгермей жатыр. Қала ішіндегі бағыттағы автобустар азайды. Аялдамаларда қоғамдық көлік күткендер сағаттап тұруға мәжбүр.
Айжан ҚУАШ, ТІЛШІ:
Ауа райының нашарлауына байланысты бірнеше күннен бері мектептерде сабақ жоқ. Емханаларға қаралуы тиіс науқастар басқа күнге жаздырылып, дәрігерлердің кестесі де ауысқан. Төтенше жағдай департаментінің ұсынысымен мекемелерде, кәсіпорындарда жұмыс күні қысқартылды. Ал, Павлодардағы жағдай қалай? Әріптесім Өзгеріс Қуанар қазір кезек күтіп тұр. Өзгеріс?!
Өзгеріс ҚУАНАР, ТІЛШІ:
Рахмет, Айжан! Біздегі жағдай да мәз емес! Жолдар жабық. Бірақ мектетегі сабақтар тоқтатылған жоқ. Төтенше жағдай мамандары жолда қалған жолаушылар жоқ деп сендірді.
Кешелі бері 200-ге жуық адам діттеген жеріне жете алмай жүр. Барлығы Шідерті кентінде орналасқан бекетке жеткізіліпті. Жолда қалғандардың көпшілігі ескертуді елемей, Нұрсұлтан және Қарағанды қалаларын бағытқа алып жолға шыққандар екен.
Ернұр ӨТЕГЕНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ТЖД БАСТЫҒЫ:
Шідерті ауылында 83 техника тұр. Бұның саны өзгеріп жатыр, көбейіп жатыр, азайып жатыр. Бұл 22-нен бері жабылған Шідерті ауылы. Қарағанды облысына кететін және Ақмола облысына кететін жол. 60-тың үстінде үлкен жүк көлігі, 2 автобус және 17 автокөлік бар.
Қарлы бұрқасын басталғалы бері ТЖД қауырт желісінде тыным жоқ. Көпшілігі жолдың қашан ашылатын сұрап әлек. Мамандар боран басылмайынша жолға шықпауға кеңес береді. Ал өңірдің тәртіп сақшылары ауласын қардан тазартпаған сауда үйлері мен кәсіпкерлік нысандарын жазалап жатыр. Өтйкені олар ескертуге құлақ аспапты.
Жанна БІЛӘЛОВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:
Синотектиктер, бүгін ертең боран басылады деп болжап отыр. Десе де, солтүстік өңірлер үшін енді аяз күшеймек. Ауа температурасы минус 30 градусқа дейін төмендейді деп болжады. Сондықтан жолда барынша сақ болуға шақырады.
Ө. Қуанар