Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақ мұнайы Беларуське үш жолмен жеткізілуі мүмкін

  • AstanaTV
  • 28 қаңтар 2020
  • 2346

Аяқ астынан Ресеймен тіл табыса алмай қалған Беларусь енді Қазақстаннан мұнай тасымалдауы мүмкін. Энергетика министрінің орынбасары Мұрат Жүребеков Минскіге қара алтынды жеткізу мәселесі осы күнде жан-жақта қарастырылып жатқанын мәлім етті. Шикізат Беларуське мұнай құбыры немесе теміржол арқылы жеткізілуі мүмкін. Мұның алдында Беларусь Президенті Александр Лукашенко «Қазақ мұнайын сатып алуымызға Ресей кедергі келтіріп отыр" дегенді айтып еді.

Мұрат ЖҮРЕБЕКОВ, ҚР ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Біз Ресеймен ешқандай келісім жүргізген жоқпыз. Өйткені, мұнайды «Достық» жүйесі арқылы жеткізу мәселесін Беларусь өзі көтерген болатын. Яғни бұл сұрақты Беларусь пен Ресей өзара шешуі керек. Дегенмен біз бүгін теміржол арқылы мұнай тасымалы мәселесін талқылаудамыз. Құбыр арқылы тасымалдауда "Атырау-Самара" желісі болуы мүмкін. Сондай-ақ Беларусь пен Ресей өзара келісе алса онда «Достық» жүйесі арқылы да жеткізуіміз әбден мүмкін.

Д. Мұхаммедкәрім