Русский Сайттың толық нұсқасы

Локомотив пайдалану депосының жұмысшылары қысым көрдік деп отыр

  • AstanaTV
  • 28 қаңтар 2020
  • 4258

Ақтөбеде Локомотив пайдалану депосының жұмысшылары шу көтерді. Жүз елуге жуық адам қазіргі басшыларынан қысым көрдік деп отыр. Нақтырақ айтсақ, қызметін асыра пайдаланғандар еңбектерін қанайды. Онымен қоймай өз шаруасына құлша жұмсайды деді. Мекемеде еңбек шарты бұзылған деп отыр. Тілшіміз Бақыт Рахметова тақырыпты тарқатады.

Бұл -Локомотив пайдалану депосының жұмысшылары. Жүз елу адам өз басшысына шағымданды. Айтуларынша еңбек шарты белшеден басылып, директор ойына келгенін жасап отыр.

Жұмабек ЫСҚАҚОВ, ТЕПЛОВОЗ МАШИНИСІ:


Айлығымыз бес жыл бойы өзгермеуі. Күннен күнге құлдырап түсіп барады. Жылма жыл процент қосылады дейді 7,8 пайыз. Бірақ ол корешокта көрсетілмейді. Артық сағаттың төленбеуі. Вообщем құл болып жүріз. Құл болып.

Нұрлан ТӘТІБАЕВ, ТЕПЛОВОЗ МАШИНИСІ:


Басш ылардың тарапынан мықты әділетсіздік көрсетеді, қысым көрсетеді. Біздің жұмысымыз құралмен байланысты болған соң, қысымға шыдай алмаймыз.  Негізсіз түсіреді. Кішкентай поводқа ұсақ-түйекке қаншама адамды лауазымынан түсіріп,  жұмыстан шығарды.

Қарамағындағылар басшының жұмыста жеккені былай тұрсын, өз шаруасына құлша жұмсайтындығын айтуда. Талайы оның үйіне барып құбыр алмастырып, терезе салғанын, тіпті қыста қар күрегенін жеткізді.

Дархан ҚАНАТОВ, МАШИНИСТТІҢ КӨМЕКШІСІ:

Медеубаев оншақта  баланы жұмыстан тыс уақытта үйіне апарып қысты күні қар күретті. Ол жерде балалардың арасында кішкентайы мен болдым. Мені шатырға шығарды. Өзі шықты да «Құлап қалма, абай бол!» деудің орынына күрегімді алып былай істейсің, күрек ұстап көрмедің бе деп.

Қонысбай ФАМИЛБАЕВ, ТЕПЛОВОЗ МАШИНИСІ:

Депо басшысына көңіліміз толмайды. Моралдық тұрғыда кемсітеді. Ешқандай этика жоқ. Сыпайылық сақтамайды. Бізге бірдене болса «Тупые, жұмыстан шығарамын» деп қорқытады. Кадрлардың білім жетілдіруіне тек өз туыстарын жібереді.

Жұмысшылар тек бас-көзге қарамай жазалауды жақсы көретін басшыдан көрген қысым негізгі жұмысымызға кесірін тигізіп отырғанын айтты. Депо басшысы Талғат Медеубаевтың бұл қызметке келгеніне 5 жылдан асқан.  Бірақ ол бұл айыптауларды негізсіз деп санайды.

Талғат МЕДЕУБАЕВ, АҚТӨБЕ ЛОКОМОТИВ ДЕПОСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
 
Жоқ. Жұмысшыларға қысымшылықты мойындамаймын. Ондай ешқандай. Болса да тәртіп инструкция бойынша сұраймыз. Ондаймен келіспеймін.
 
Ал, 8 сағаттан артық жұмысқа тартылғандарға қосымша қаражат төленбеуі, еңбек шартының бұзылуы сынды мәселелерді, енді арнайы мамандар тексеруге кіріспек.

Бауыржан ОРАЗАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ЕҢБЕК ИНСПЕКЦИЯСЫ БАСШЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Олар қазір арыз жазу керек бізге сол бойынша Құқықтық статистика басқармасы прокуратура тіркеп, сол арызбен тексеруге шығамыз.

Бақыт РАХМЕТОВА, ТІЛШІ:

Жұмысшылардың арызы бойынша арнайы комиссия құрылып, өз жұмысын бастады. Оның нәтижесі келесі аптада шықпақ. Егер депо басшысына тағылған айып дәледенсе, оған қолданылатын жаза да соған сәйкес тағайындалмақ. 

Б. Рахметова