Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматылық саудагерлердің өзі жабайы саудаға қарсы шықты

  • AstanaTV
  • 28 қаңтар 2020
  • 3311

Сырттағы алыпсатарлардың кесірінен саудамыз жүрмей тұр. Осылай деген алматылық барахолка саудагерлері, жабайы саудаға қарсы шықты. Олар алыпсатарларды заңды түрде сауда жасауға шақырып отыр.

Алыпсатарлар саудамызды тоқтатты! Барахолқа маңындағы мына «Алатау-2» сауда орталығының кәсіпкерлері бүгін тайлы-тұяғы қалмастан жиналды. Заңды саудагерлер базар сыртындағы жабайы сауданы тоқтатуды талап етіп отыр.

Күлиза ЗАРМАНОВА, «АЛАТАУ-2» САУДА ОРТАЛЫҒЫНЫҢ САТУШЫСЫ:

Мына сауда орталығы не үшін берілген? Далада бықсық болмауы керек. Далада бізде сауда стихийный дейді. Далада не сатпайды бәрін сатады. Көп адамдар далада сатып алады. Біздің ішке кірмейді.

Жабайы саудадан шаршаған кәсіпкерлер әкімдіктен тексеріс шараларын қатаңдатуды сұрап отыр. Өйткені сырттағы алыпсатарлардың кесірінен табысымыз азайды дейді. 

Қалия ҚАЙСАРОВА, «АЛАТАУ-2» САУДА ОРТАЛЫҒЫНЫҢ САТУШЫСЫ:

Подъземный переход не үшін жасалды? Адамдар нормально жүруі үшін. Ал ол жерде әрдайым сатушылар тұрады. Ол кісілер енді білмеймін қай жерден алады тауарды. Ұрланған тауар шығар қайдан білеміз олар әрдайым арзан сатады. Ал біз осы жерде аренда төлеп жүрміз, бекерден-бекер тұрамыз ба енді. Ешкім келмейді бұл жерге. 

Бәтима СЕРІКОВА, «АЛАТАУ-2» САУДА ОРТАЛЫҒЫНЫҢ САТУШЫСЫ:

Сырттағы саудагерлер соңғы кезде тіпті бізді басынып алды. Клиенттерімізге «орталықтан емес бізден ал, онда тым қымбат» деп үгіттейді екен. Бұл не деген бассыздық? Заң қайда? Мен бұл жерді айына 48 мың 600 теңгеге жалға алып отырмын.

Ал жол жиегін жағалай отырып, заңсыз нәпақа табуып жүргендердің өз уәжі бар. Олар орталықтан орын жалдап. саудамызды қыздыруға жағдайымыз көтермейді дейді.

Жанар СУХАНОВА, САУДАГЕР:

Жеті баланың анасымен. Бала-шаламды бағуым керек. Қайда барамыз енді. Іште аренда қымбат. Бізге де рахат жылы жерде отырған. Оған жағдай жоқ, жағдай жоқ болған соң жүрміз міне далада тентіреп.

Мұндағы алыпсатарлармен кәсіпкерлер ғана емес сауда орталығының басшылары да күресіп әлек. Олар жабайы саудамен айналысатындар қанша жерден айыппұл арқаласа да базардан кетер емес деп отыр.

Жасұлан КЕРІМҚҰЛ, «АЛАТАУ-2» САУДА ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ӘКІМШІСІ:

Бұл территория бізге қарамайды, бұл үкіметтікі. Біз өзіміздің терреториямызға өзіміз қарап жабайы саудаға рұхсат бере алмаймыз. Әкімшілікке де жағанбыз. Алатау ауданының әкіміне де жазғанбыз, ДВД, Алатау ауданының РОВД-сына жаздық. Ешқандай шешім шықпады.


Қала әкімдігі заңсыз саудаға рұқсат жоқ, бірақ алыпсаталарға жеңілдік қарастырылатындай сауда орындарын ашу жоспарда бар,- деді

Еркебұлан ОРАЗАЛИН, АЛМАТЫ қ. КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

 
Заңсыз саудамен айналысып жатқан әртүрлі азаматтарымыз бар. Оларға 2019 жылдың нәтижиесі бойынша 20 млн теңгеге жуық айыппұл салынды. Оның ішінде 4/1 бөлігі осы солтүстік айналма маңайындағы сатушылар.

Атқамінерлер қазір қалада 57 базар жұмыс істесе соның бесеуі жабылғанын айтты. Ал қалғандары арнайы тұрақ және қоймамен жабдықталған сауда орталықтарына көшірілген дейді. Алда тағы 7 базар осындай құжатқа қол қойыпты.  Әкімдік осылайша көлік кептелісін азайтып, айналаға тазалық орнайтынына сенімді.

Ә. Лесбек