Русский Сайттың толық нұсқасы

«СК-Фармация» мен "КазСибФармацея" басшыларына 1,8 миллиард теңге жымқырған деген айып тағылды

  • AstanaTV
  • 10 қазан 2017
  • 2076

Қамауға алынған «СҚ-Фармация» басқарма басшысына қатысты жаңа деректер белгілі болды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері 2015-2017 жылдары "СҚ-Фармациядан" 1,8 миллирд теңге қолды болғанын анықтаған. Ол кепілденген тегін медициналық көмек аясында дәрі-дәрмек алуға бөлінген қаражат көрінеді. Қазір компания басшысы Максим Касаткинмен бірге "ҚазСибФармацея" басшысы да ұсталған. Касаткин тендер кезінде осы компанияның мүддесі үшін өзге өтініштерді қараусыз қалдырған.