Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматы маңындағы «Арман» шағынауданының тұрғындары жол азабын тартып отыр

  • AstanaTV
  • 10 қазан 2017
  • 3094

Алматы облысында Батыс Қытай-Батыс Еуропа күре жолының жағалауында орналасқан ауылдың тұрғындары жол азабын тартып отыр. Елді мекен аудан орталығынан қашық болмаса да, халық бірнеше шақырым жолды айналып өтуге мәжбүр. Ал Кеңес үкіметі кезінде салынған автомобиль жолы жекеменшікке өтіп кеткен. Бұл мәселені шешуге жергілікті билік өкілдері де қауқарсыз. Тығырыққа тірелген мәселенің мән-жайын тілшілеріміз анықтап қайтқан болатын.

«Арман» ықшамауданда 600-дей адам өмір сүреді. Алматыдан 25 шақырым қашықтықта жатқан елді мекенде Кеңес заманында шаһарды жылыжай өнімдерімен қамтамсыз ететін шаруашылық орналасқан. Қазір бұл жер үлкен ықшам ауданға айналған. Ал жылыжай аумғын жеке кәсіпкерлер сатып алып, аудан орталығына қатынайтын ескі жолды жауып тастаған.

Вот за этим забором ровная дорога асфальтированная до трассы. Километр, чтобы ехать на ГРЭС...

Ришат Асқарбекұлы, тілші:

«Арман» шағынауданы тұрғындары үшін аудан орталығы таяқ тастам жерде жатыр. Бірақ елді мекен тұрғындарына республикалық маңызы бар Батыс Қытай-Батыс Еуропа күре жолы салынғаны Өтеген Батыр кентіне жету қиындап кеткен. Бұрынғы 3,5 шақырым жолдың орнына тұрғындар 20 шақырым қашқытықты еңсеруі тиіс.

Ләйлә Жақыпова, Алматы облысы «Арман» шағынауданы тұрғыны:

Балаларымыздың мектепке жетуі қиын. Қазір автобус бөлінгенімен, 19-20 шақырым Байсеркені айналып өтеміз. Бірақ ол жерден пойыз өтеді де, шлагбауым жабылып, пробка болады. Сабаққа кешігіп барамыз. Хотя бізде 4 шақырым. Мына жол болғанда балалар жаяу-ақ барып келетін. Оны жауып тастады.

Мұнда өзге де инфрақұрылым дамымаған. Іле ауданында табиғи газ тартылмаған, мектебі, балабақшасы мен медициналық көмек көрсететін амбулаториясы да жоқ ауылдың бірі осы. Осыдан 10 жыл бұрын жобаланған газ құбыры әлі тартылмай, отыр, - дейді тұрғындар.

Валентина Чупина, Алматы облысы «Арман» шағынауданы тұрғыны:

Қарапайым тұрғындарға ешқандай жағдай жасалмаған. Жеке көлігі жоқ зейнеткерлер үшін қоғамдық көлік қарстырылмай отыр. Бұрын Қорғас-Алматы жолы салынбай тұрғанда аудан орталығына 500 теңгемен баратын едік. Мына айналма жолдың кесірінен оның құны да екі есеге өсіп кетті.  Ал халыққа қызмет көрсету орталығы, аурухана, мектеп, балабақша бәрі сол Өтеген батыр кентінде орналасқан. 

Алдағы жылы Үлкен Алматы айналма жолының құрылысы басталмақ. Сол кезде Қапшағай-Алматы тас жолының Өтеген батыр ауылына кіретін тұсынан жол айырығы салынады, дейді мамандар.

Еркін Нұрқасымов, Алматы облысы Іле аудандық автомобиль жолдары бөлімінің басшысы:

Алматы қаласына кіріп қайта айналып жатырмыз дегенге айта кетеріміз, жоспарда Үлкен Алматы айналма жолының салыну жоспары бар. Сол жоба бойынша Өтеген батыр ауылының тұсынан көпір қарастырылған. Сол көпірмен кіретін болады. Ал жеке кәсіпкердің аумағынан өтетін жол ол өздеріне салынған жол. Ол жерде ауданның бас жоспарына сәйкес жол қарастырылмаған. 

Республикалық маңызы бар ірі күре жолды жобалау кезінде жіберілген олқылықтар туралы аудандық автомобиль жолдары бөліміне көптеген шағымдар түскен. Оның ішінде  мал айдап өтетін өткелдердің қарастырлмауы шаруаларды алаңдатады. Батыс Қытай -Батыс Еуропа тас жолының Алматы облысындағы 300 шақырымы қараша айында мемлекеттік комиссиядан өтпекші.

Ришат Асқарбекұлы