Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырауда баласын даярлыққа берген ата-аналар сан соғып қалды

  • AstanaTV
  • 29 қаңтар 2020
  • 4759

Атырауда оқу орталығына алданған ата-аналар шу шығарды. Айтуларынша, балаларын қосымша даярлық сыныбына беремін деп, тақырға отырған. Алаяқтыққа іліккен 26 жастағы күдікті әр ауданда сан түрлі атаумен орталық ашып, ақша жинап алған соң жауып тастаған. Алданған ата-аналар прокуратура барып, көмек сұрады.

Атыраулық Ирина Константинова баласын қосымша даярлық сыныбына беремін деп басы бәлеге қалған. Алаяқтың арбауына оп-оңай түскенімді байқамай қалдым дейді. Алғашында іш-бауырына кіріп, жеңілдік ұсынған. Сосын қосымша ақша сұрауға көшіпті.

Ирина КОНСТАНТИНОВА, АТЫРАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

 
Алғашында 55 мың,- деді. Тамақтандыру, үйлеріне жеткізу осының ішіне деген соң біз келістік. Бірнеше күннен соң Аида телефон соғып, «бір отбасы көшіп жатыр, жылдық абонемент босады. 135 теңге  төлесеңіз болды. Сіздің 55 мыңыңыз  барлығы 190 мың деді. Кейін бұл орталықты жауып, басқасын ашты. Тағы 50 мың сұрады. Балам тек 1 ай барды. Кейін қатерлі ісікпен ауырамын. Орталықты жаптым, ақшасын қайтарамын,- деді. Содан хабарсыз.

Алғашында «Меледи», кейін «Аврора», «Білім академиясы», «Үміт», «Лямажор», «Айшабибі», «Әлихан». Атауы өзгергенмен, ақша жинау схемасы бірдей оқу орталықтары қаланың түрлі аудандары мен Құлсары қаласында ашылған.  26 жастағы оралдық келіншекке алданған атыраулықтар енді қомақты қаржыларын не қайтара алмай, не баласын бақшаға бере алмай сандалып жүр.  Араларында тіпті 1 миллион теңгеге дейін бергендер бар.

Еркін  КАМАЛОВ:
 
Мақсотова Аида Маратовна деген қыз. 2019 жылдың октябрінен 21-інен бастап, договорым бар, квитанциям бар ақша төлеген.

Ұлболсын ӨТЕМІСОВА:
 
Ол ата-аналардан ең аз дегенде 100 мыңнан бастап ақша жинап, қысқа уақытта жоқ болып кетеді. Осыған дейін алданғандандардың бір бөлігі ғана келіп отыр. Тіпті қызметкерлері, жалға алған ғимараттардың иелері жапа шегіп отыр. Қазір үлкен қарыз. Бірақ бұл мәселе шешілетін түрі жоқ. Құқық қорғау органдарына қанша рет арызданса да, прокуратура, сотқа шағымданса да нәтиже жоқ  Іздеуге берген, бірақ та таппай отыр.

Ашынған ата-аналар прокуратураға келіп көмек сұрады. Олар осыдан 5 күн «алаяқтық» бабымен іс қозғалғанын айтты.

Аршат ТАЙТУЛЛИН, АТЫРАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ПРОКУРОРЫ:

Бүгінгі таңда 17 адамның арызы бойынша «Алаяқтық» факітісімен қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергелу сатысында. Бұл қылмыстық істі женке өзім бақылауға алдым. Тергеу нәтижесі қосымша хабарлана болады.

Баласына білім беремін деп, сан соққан ата-аналар өзгелерді алданып қалмауға шақырып отыр. Айтуларынша Атырау облысы бойынша дәл осы келіншектің сөзіне сеніп қалғандардардың саны 500-ге жуықтайды.
 
Б. Нәдірқызы