Русский Сайттың толық нұсқасы

Қытайда тараған коронавирусқа байланысты елде медициналық маска бағасы өсті

  • AstanaTV
  • 30 қаңтар 2020
  • 2566

Қытайда тараған коронавирусқа байланысты елде медициналық бетперде бағасы өскен. Редакциямызға хабарласқан Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының тұрғыны масканың сағаттап қымбаттап жатқанын айтты. Бастапқыда 15 теңгеден болған бетперденің бағасы бірден 100 теңгеге жетті дейді.

Гүлмира, АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Қазір бізге маска тағыңдар деп школда айтып жатыр ғой. Сол масканың ценасы неге күннен-күнге өсіп бара жатыр? Соны неге ешкім қадағаламайды? 4 күн бұрын 15 теңге болған бүгін 100 теңге болды. Медициналық маск бетке қадайтын. Байсейіт ауылында күннен-күнге масканың ценасы өсіп бара жатыр.

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:

Осы мәселеге байланысты Алматы облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Қайрат Баймұхамбетов бізбен тілдесуге дайын. Қайырлы кеш, Қайрат Қажыманұлы ! Сіз тікелей эфирдесіз! Хабарласқан тұрғынның мәселесін өзіңіз естідіңіз. Бұл спекуляция ма?Дәріханалардың медициналық бетперде бағасын өсіріп жіберуіне не себеп? Шағымданған басқа да адамдар бар ма?

Қайрат БАЙМҰХАМБЕТОВ, АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ БАС МЕМЛЕКЕТТІК САНИТАРЛЫҚ ДӘРІГЕРІ:

Біздің департаментке бұл сұрақ бойынша ешқандай арыз-шағым түскен жоқ. Ал енді жаңағы сұрақ бойынша біздің департамент бүкіл облыстағы дәріханалар мен дәріхана қоймаларындағы маскалардың бағасын күнделікті мониторинг жүргізіп отырады. Жүргізілген мониторингтің қорытындысы бойынша бүгінгі күні дәріханаларда 162 687 дана бар. Ал қоймаларда 116 700 дана бар. Ал медициналық мекемелерде 750 000 дана бар. Енді, бағаға келер болсақ, бағаның 10 теңгеден 50 теңгеге дейін арасында күнделікті ауданда мониторинг жасап отырамыз. Ішінде балаларға арналған бетперделер бар, үлкендерге арналғаны бар.

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:

Бұл жағдайды бақылауда ұстап отырған біреу бар ма? Бетперде бағасын тұрақтандыруға қандай шаралар қарастырып жатырсыздар?

Қайрат БАЙМҰХАМБЕТОВ, АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ БАС МЕМЛЕКЕТТІК САНИТАРЛЫҚ ДӘРІГЕРІ:

Енді ол осы сұрақ бойынша біз қазір меморандум дайындап жатырмыз. Қауымдастықпен ертең меморондумға қол қоямыз. Сол бойынша назарда ұстаймыз. Егер әлгі бағадан көп болып кетсе 50 000 теңгеден. Оны біз назарда ұстаймыз.

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:

Сұхбатыңызға рақмет! Еске салайын бізбен тікелей эфирде байланыста болған Алматы облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Қайрат Баймұхамбетов. Қымбатты көрермен, сіздің де мәселеңіз болса, экрандағы телефонға хабарласыңыз! Біз сізбен бірге тікелей эфирде жауап іздейміз.

А. Данияр