Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырауда 5 млн халық ауыз су тұтынып отырған құбыры күзетсіз қала ма?

  • AstanaTV
  • 31 қаңтар 2020
  • 3246

Атырауда бір топ күзетші жұмыссыз қалды. 10 жылдан бері осы қызметте жүргендердің дені зейнет жасына жақындап қалған. Сондықтан олар басқа жерге жұмысқа қабылдамайды дейді. Заңсыздықтың құрбаны болдық деген олар, тендер қандай негізде өткенін түсінбей дал. Тақырыпты тілшіміз тарқатады.

Бұл күзетшілер соңғы екі жылдан бері Атырау мен Маңғыстауға келетін ауыз су құбыры бойын күзетіпті. Шамамен 2000 шақырым болатын құбыр мемлекеттік маңызды нысанға жатады. Өйткені оның бастауы Ресейден шығатын Еділ өзені суын Маңғыстау өңіріне жеткізеді. Құбырды күзеткендерден маза қашқан. Өйткені олардың орнына енді басқа адамдар бұл нысанды тендер арқылы ұтып алыпты. 

Сағынтай АЩАМОВ, КҮЗЕТШІ:
 
Біз осы мекемеде жұмыс жасаймыз. Бала-шағамызды асыраймыз, кредитіміз бар. Бізге жұмыс болғаны жақсы. Басқа қайда барамыз? Бала-шағамыз болса бізге қарап отыр.

Жұмыс беруші де заңсыздықтың құрбаны болдық деп отыр. Олар тендердің қандай негізде өткеніне аң-таң. Айтуларынша жаңа мекеменің мемлекеттік нысанды күзететін тіпті материалдық базасы да жоқ. Әрі ол компанияның тіркелгеніне де бар-жоғы 5 ай болды деді. Сондықтан тендер нәтижесімен келіспейтіндерін айтып, шағым түсірген.

Наталья КАСАНОВА, ЖШС МАМАНЫ:
 
2019 жылдың желтоқсан айында өткізілген тендердің қорытындысы бойынша, "Тұран Секьюрити" күзет компаниясы жеңіске жетті. Бірақ, олардың нысанды күзетуге арналған құралдары толық емес. Сонда да, бұл компания қажетті құжаттарды өткізбесе де жеңімпаз ретінде танылған. Біз шағым түсірдік. Қазір, конкурстың күші жойылды.  

Тендер жеңімпазы атанған компанияны табу мүмкін болмады. Көрсетілген мекен-жай бойынша - көпқабатты үйдің пәтерінде тіркеліпті. Ал тендерді «Магистральді су ағызғысы» мекемесі жариялаған. Олар ең төменгі бағаны ұсынған компанияға басымдылық бердік,-дейді.

Мадияр БЕРЛІБАЕВ, "МАГИСТРАЛЬДІ СУ АҒЫЗҒЫСЫ" ЖШС БАСШЫСЫ:

 
Біздің аймақта күзет қызметі жолға қойылған. Бұған дейін біздің нысанды басқа компания күзеткен. Бұл күзет компаниясы 2018 жылдан бері жұмыс жасап келеді. Қазір алдыңғы өткен тендердің күші жойылды. Қазір қайта тендер жарияланды.
     
Облыстық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы өкілдерінің пайымы мынау:  

Еркебұлан БӘДЕЛОВ, АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ «АТАМЕКЕН» ҰКП САРАПШЫСЫ:
 
Егер де бұл жерде күні кеше тіркелген компания жеңімпаз болып танылса, баға ұсыныстар арқылы онда техникалық ерекшеліктерінде тапсырыс берушінің көрсетпегендігі. Ал егер де тапсырыс беруші оны көрсете тұрып, белгілі комиссия мүшелерінің көзжұмуы бұл сыбайлас жемқорлыққа алып келетін факт болып табылады.

Тендерге жеңген күзет компаниясы жалаң қолмен әзірге құбырды өз қарауына алған.  Заңсыздықтың құрбаны болдық деген компания болса енді сотқа жүгінбек.

Б. Надірқызы