Қарағандыда әскери колледж студентінің өліміне қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр. Приозерск қаласындағы оқу орнында курстасымен сөзге келіп, оны өлімші етіп сабаған 19 жастағы күдікті қамауға алынған. Оқиға қыркүйектің 21-і күні 44831 әскери бөлімінің оқу орталығында болған. Олардың екеуі де Оңтүстік Қазақстан облысының тумалары екені белгілі. Қазір істі әскери тергеу басқармасы қарап жатыр. Күдікті кінәсі дәлелденсе, 8 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Әлия Жошева, Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық сотының баспасөз хатшысы:
Күдікті
Қазыбек би аудандық сотының қаулысымен 2017 жылдың 27-інші қыркүйегінде 2 айға
қамауға алынды. Ол Қылмыстық кодекстің 440-ыншы бабының 4-інші тармағымен, яғни
әскери қызметшілер арасында өзара қарым-қатынастың жарғылық қағидаларын бұза
отырып, адам өліміне әкеліп соқтыру бабымен айыпталады.