Русский Сайттың толық нұсқасы

Қарағандыда әскери колледж студентінің өліміне қатысты іс қаралып жатыр

  • AstanaTV
  • 09 қазан 2017
  • 3047

Қарағандыда әскери колледж студентінің өліміне қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр. Приозерск қаласындағы оқу орнында курстасымен сөзге келіп, оны өлімші етіп сабаған 19 жастағы күдікті қамауға алынған. Оқиға қыркүйектің 21-і күні 44831 әскери бөлімінің оқу орталығында болған. Олардың екеуі де Оңтүстік Қазақстан облысының тумалары екені белгілі. Қазір істі әскери тергеу басқармасы қарап жатыр. Күдікті кінәсі дәлелденсе, 8 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

Әлия Жошева, Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық сотының баспасөз хатшысы:

Күдікті Қазыбек би аудандық сотының қаулысымен 2017 жылдың 27-інші қыркүйегінде 2 айға қамауға алынды. Ол Қылмыстық кодекстің 440-ыншы бабының 4-інші тармағымен, яғни әскери қызметшілер арасында өзара қарым-қатынастың жарғылық қағидаларын бұза отырып, адам өліміне әкеліп соқтыру бабымен айыпталады.