Русский Сайттың толық нұсқасы

Елордалық студенттер жарты ғасыр күрделі жөндеу көрмеген жатақханада тұрып жатыр

  • AstanaTV
  • 31 қаңтар 2020
  • 3105

Елордада жарты ғасыр күрделі жөндеу көрмеген жатақханада студенттер тұрып жатыр. «Политехникалық колледждің» 200-ден астам студенті көне ғимаратты паналауға мәжбүр. Бүгін «Jas Otan-дықтар» студенттер үйінде болып, қауіпсіздік шаралары сақталмағаны анықтады. Апат бола қалса шығатын жолдар жабық. Кей бөлмелердің терезесі оңайлықпен ашылмайды.

«Jas Otan-дықтар» енді мұндай рейдтік шараларды жиі өткізуді жоспарлап отыр. Анықталған кемшіліктерді жауапты мемемелерге жеткізбек.

Елнұр БЕЙСЕНБАЕВ, «JAS OTAN» ЖҚ ТӨРАҒАСЫ:

Колледждің тікелей басшысының, тікелей колледж әкімшілігінің жауапкершілігі деп есептейміз. Әркім өзінің ісіне адал болатын болса, өзінің ісін дұрыс жасаймын деген азамат болса өзгерістерді жасайды.

Ә. Өмірзақ