Русский Сайттың толық нұсқасы

Нұротандықтар шағын және орта кәсіптің жайын сөз етті

  • AstanaTV
  • 06 қазан 2017
  • 2015

Шағын және орта кәсіпті дамыту. Шымкентте «Нұр Отан» партиясы аймақтық филиалының ұйымдастыруымен «Индустриялық-инновациялық дамудың 2015-19 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру» тақырыбы қозғалды. Депутаттар, партия өкілдері мен басқарма басшылары кәсіпкерліктің дамуына тұсау болған мәселелерді алға тартты. Өңірде туризмнің дамуы кенжелеп тұр деді. Инфрақұрылым, логистика, шетелдік инвесторларды тарту жайын дұрыс ұйымдастырмаған кәсіпкерлік басқармасының жұмысы сынға алынды. Ал энергетика және тұрғын үй коммуналды шаруашылық басқармасы индустриалды аймақтың жұмысын дұрыс үйлестірмей отырғаны айтылды. Кейбір аудандарда тіпті газ, жарық пен су жеткізілмеген.

Қайнар Абасов, ОҚО мәслихатының депутаты, "Нұр Отан" партиясының мүшесі:

Кәсіпкерлікке байланысты және облысымыздың әлеуметтік жағдайына байланысты барлық сұрақтарды «Нұр Отан» партиясы арқылы қадағалап, «Нұрлы жол» бағдарламасын, «Нұрлы жер» бағдарламасының аясында болып жатқандарды қалдағалау біздің өзіміздің міндетіміз деп ойлаймын.