Русский Сайттың толық нұсқасы

Қытайдағы жағдайды пайдаланған саудагерлер жазаланбақ

  • AstanaTV
  • 04 ақпан 2020
  • 2515

Қытайдың Ухань қаласынан келген студенттердің ешқайсысынан коронавирус анықталмады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты. Дегенмен халықаралық стандартқа сай 14 күн карантинде болады. Ауру жұқтыруы мүмкін деген нуақастар ждағдайы қалай? Асылбек Даниярдың репортажы.

Қазақстанға Қытайдан 6 қаңтардан бастап келген азаматтардың барлығының денсаулығы жақсы. Қызуы көтеріліп, денсаулығына шағымданған науқастардан да індет белгісі анықталмаған. Министр күдік расталмады деп мәлімдеді.

Елжан БІРТАНОВ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ:

Карантинде жатқан студенттердің жағдайлары бәрі жақсы. Өздеріңізге мәлім Нұр-Сұлтан қаласындағы арнайы инфекциялармен күресетін ауруханаға жатқызылып, 14 күн карантинде ұсталатын болады. Сан. обработкадан кейін барлығына арнайы лабораториялық тексеріс өткіздік коронавирус табылмады.

Әлемге тарап кеткен індет 425 адамның өмірін жалмады. Соңғы мәліметтер бойынша, оны жұқтырғандардың саны 20 000-нан асып түседі. 3000-дай адам хәл үстінде жатыр. Ал елдегі жағдайды мамандар "жақсы" деп пайымдап отыр.

Диас АХМЕТШӘРІП, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

94 адам және дене қызуымен ЖРВИ шағымымен оқшауланған ауруханаға жатқызылды. Тағы 33 адам ауруханада қалды.  Ал 61 адам стационардан  шығарылды. Күн сайын ауруханадан шыққандардың саны артуда.


Қытайдағы осы жағдайды пайдаланып, азық-түлік бағасын көтеріп жіберген сатушылар бар. Үкімет отырысында Сауда және интеграция министрі тауарларға талдау жасалатынын айтып, бағаны себепсіз көтергендер жазаланатынын ескертті. 

Бақыт СҰЛТАНОВ, ҚР САУДА ЖӘНЕ ИНТЕГРАЦИЯ МИНИСТРІ:


Қазіргі уақытта бірқатар тауар сатушылары Қытаймен шекара жабылғанына сілтеп, азық-түліктің бағасын көтере бастады деген ақпараттар келіп түседі. Осыған орай Қазақстан тауарлар қозғалысының Қытайдан да, Қытайға да тоқтамағанын хабарлағым келеді. Бұл тек бизнестің жосықсыз әрекеті. Бұл себепті бағаны көтеруге қолданады. Біз сөз байласуларға жедел ден қойып және оны жоя аламыз.


Экономист Айдар Әлібаев коронавирус елдің экономикасына әсер ете қоймайды дейді. Ол үшін министрлік халыққа қажетті тауарлардың базасын кеңейту қажет.

Айдар ӘЛІБАЕВ, ЭКОНОМИСТ:

Сауда министрлігі нарыққа әсер етуге міндетті. Осындай төтенше жағдайда әрекетті күшейту керек. Неліктен Сауда министрлігі азық-түлікті сақтау базаларын құрмайды? Төтенше жағдайларға жауап беру үшін ғана емес, онымен үнемі тұрақты түрде айналысу керек.

А. Данияр