Русский Сайттың толық нұсқасы

Дүкендегі азық-түліктің бағасы көтерме бағадан 30-80 пайызға қымбат,- В.Божко

  • AstanaTV
  • 04 ақпан 2020
  • 2330

Дүкендегі азық-түліктің бағасы көтерме бағадан 30-80 пайызға дейін қымбат. Бұған елдегі тауарға үстемақы қосуда нақты тәртіптің болмауы себеп. Депутат Владимир Божко бүгін Сауда және интеграция министрлігінің алқа жиынында осылай деді. Айтуынша, азық-түліктің шарықтауын өнім өндірушілер мен дүкен иелері өздері қолдан жасап отыр. Сондықтан депутат ескіріп қалған сауда туралы заңнаманы өзгертуді ұсынды.

Владимир БОЖКО, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

Мысалы, Германияда көтерме бағаның үстінен 2 пайыз ғана қосуға рұқсат. Ал дүкен иелері өз пайдасын 10 пайыздан асырмайды. Сол секілді Беларусяда 10 пайыз, Украинада 15 пайыз ғана қосуға болады. Ал Қырғызстанда үстемақыны 5 пайыздан асырмайды.

Депутат, бұдан бөлек, импорт тауарларының да бағасын сынға алды. Шетелден тауар жеткізуші делдардарды қадағалау ақсап тұр. Мәселен, қатерлі ісікке шалдыққандарға арналған препарат Түркиядағы дәріханаларда 6 мың теңгеден сатылса, Қазақстанда 200-300 мыңның шамасында тұратын көрінеді. Депутат қазақстандық нарықтағы тауар мәселесі Мәжілісте қарастыратынына уәде берді.

А. Мүтәлі