Русский Сайттың толық нұсқасы

32 мың халық тұратын кентте жанар-жағар май бекеті жоқ

  • AstanaTV
  • 05 ақпан 2020
  • 3948

Атыраудағы қазақ мұнайының қарашаңырағы саналатын Мақат кентінде бір-де бір жанар-жағар май бекеті жоқ. Мұнда 32 мыңдай адам тұрады. Бұрын болған май құю бекеттері бірінен соң бірі жабылып қалған. Тұрғындар «қара алтынның үстінде тұрып, игілігін көре алмай отырмыз»,- деп ашулы. Базаргүл Нәдірқызы  тарқатады.

Мақат кентінде 3 мыңға тарта автокөлік бар. Ауылдағы жалғыз жанар-жағар май құю бекеті жабылғалы жүргізушілер облыс орталығы мен осыдан отыз шақырым жердегі Доссор кентінің арасында сабылып жүр.

Қуат Шәкиев ауыл тұрғындарын тасымалдайды. Кенттен әрі шықпайтын таксист жігіт тек бензин үшін көрші ауылға аптасына үш баратынын айтады. Тапқан табысым екі ортадағы жолдан артылмайды,- дейді ол.

Қуат ШӘКИЕВ, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:
 
Далада қалған кездерім де болды. Ол кезде қасымдағы өзімнің дос балдарыма  соғам. Біреуі шаруасымен жүрмін дейді. Біреуі тағы басқа дейді. Амал жоқ,  біреулерге жалданып, ақшасын беріп, сүйретіп Доссорға барамын көрші ауылға.  Арасы 30 км. Қазір түк пайда шықпайды.

Бұл кенттегі барлық жүргізушілердің бас ауруына айналғанына жылға жуықтаған. Ашулы тұрғындар соңғы жабылған жанар-жағар май бекетінің қасына жиналып,  реніштерін білдірді. 

Марғат МӘЖЕНОВ,  КЕНТ ТҰРҒЫНЫ:
 
Ауыратынымыз бар, сырқайтынымыз бар. Жедел-жәрдем шақырсақ та, полиция машинасын шақырсақ та, бәріне де бензин керек қой. Жекеменшікті былай қойғанда. Тентіреп жүрміз бір жылдан бері.

Жанбол БЕКЕНБАЕВ, МАҚАТ КЕНТІНІҢ ТҰРҒЫНЫ:
 
Бір ғасыр бойы жер ана мұнайымызды берді халыққа. Болмады деген заправка мен үшін қайғы сияқты. Сұмдық. Ауданда әкімшілік жиналыстарда айтылып келе жатыр. Ешқандай шешім шықпай келе жатыр.

Әкімдіктен қайыр болмаған соң аудан белсенділері өздерінше зерттеу жүргізген. Айтуларынша, «Қазмұнайгаз» жанар-жағар май бекеті сатылып кетіпті. Келісім бойынша, жаңа қожайындар өткен жылдың қараша айында іске қосу керек екен.

Ғазиз ҒАБДУЛЛИН, «АҚИҚАТ» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

6 айдың ішінде ашылмаған жағдайда бұлардың келісім шартында  штрафной санкция бар. 60 млрдтың  1 процентін «КМГ ретейлға» төлеу керек «Петроретаил».  Ашылмаған 1 жылдың үстіне шығып кетті. Сондықтан да әрі қарай ашылмайтын болса, күні ертеңнен бастап, осы заправка қолға алынбайтын болса, ертеңнен бастап үкіметке жеткіземіз бұны.

Ашық әңгімеге шақырған тұрғындарға аудан әкімі келмей, орынбасарын жіберді.

Шәкір КЕЙКИН, МАҚАТ АУДАН ӘКІМІ:
 
Доссор кентінен жасаймыз. Себебі бұл жердегі жанар-жағар май станциясы мамыр айында жұмыс жасауын тоқтатқан. Себебі күрделі жөндеуді талап етеді.

«Қазмұнайгаз» жанар-жағар май бекетінің жаңа қожайындары жұмысты тоқтатуға май құятын резеруардың ескіру себеп болды ,- дейді. Пайдаланылғанына он жыл болған май құю қазандығының түбі жұқарыпты.

Аққали ДҮЙСЕНБАЕВ, «PETRO-RETAIL» ЖШС АТЫРАУ ФИЛИАЛЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
 
Үгітіліп тұр. Бірақ тесілген жоқ. дефектоскопея сол үшін жасалады. Темірірдің жұқарғанына ол тесілген жоқ. тесіліп кетсе, ағып кететін еді.  Соның алдын ала экологияға зақым келтірмес үшін уақытында жабылды. 

Май құю бекетінің жаңа қожайыны құрылыс жұмысын келесі аптадан бастап,  екі айда пайдалануға беріледі,- деп уәде етті. Ал мақаттықтар бұл көп уәденің бірі болмаса екен деп тілеп отыр.

Б. Надирқызы