Түркиядағы ұшақ апаттынан 3 адам ажал құшып, 175 адам зардап шекті. Қайғылы оқиға Ыстанбұлдың Сабиха Гекчен әуежайында болған. Жолаушылардың көпшілігі ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілген. Арасанда қазақстан азаматтары дар бар. Асылбек Данияр сабақтайды.
Түркия халқы бүгін таңертең қара жамалды. Измирден Ыстамбұлға ұшып келе жатқан әуе кемесе қону кезінде апатқа ұшыраған. Ұшақ бірден жерге қонып, артынша өрт шыққан. Өрт сөндірушілер қызыл жалынды уақытында ауыздықтап үлгерді. Желіде пайда болған кадрлардан әуе кемесінің үш бөлікке бөлініп кеткенін көруге болады. Жергілікті БАҚ өкілдерінің мәліметінше, екі ұшқыш ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілген.
Алпер КУЛУ, ЖОЛАУШЫ:
Басынан бәрі дұрыс болмады. Біздің қону жылдамдығы талап етілгеннен де жоғары болды. Бәрі жақсы деп жарияланды. Бірақ оның орнына ұшақ 3-ке бөлініп кетті.
Керем ГАН, АУРУХАНАНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ:
Апаттан кейін бізге 31 адам келді. 24-і үйге босатылған болатын. 7 адам ем қабылдауда. Науқастардың біріне шұғыл түрде ота жасалды. Екеуінде ортопедиялық және нейрохирургиялық проблемалар бар.
Оқиғадан кейін әуежай жабылып, оның рейстері басқа әуежайларға ауыстырылыпты. Қазір оқиға орнында арнайы топтар жұмыс істеуде. Ыстанбұл губернаторының айтуынша, ұшақ қатты жел мен нөсердің салдарынан жерге қонуға мәжбүр болған.
Әли ЕРЛИКАЯ, ЫСТАНБҰЛ ГУБЕРНАТОРЫ:
Өкінішке орай, қону кезінде ұшу-қону жолағына 30-40 метр биіктіктен құлап, тағы 50-60 метрге көтерілді. Бортта 175 жолаушы, 4 экипаж мүшесі болған. Бір-екі адамды қоспағанда, зардап шеккендердің жағдайы алаңдаушылық туғызбайды.
Апатқа ұшыраған Boeing-737-800 әуе кемесі Pegasus әуе компаниясына тиесілі. Ұшақтағы жолаушылардың көбі түрік азаматтары, 20-сы шетелдіктер екендігін анықталды. Арасында 2 қазақстан азаматы бар. Сыртқы істер министрлігі қандастарымыздың жағдайы жақсы деп отыр.
ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ:
Түрік тарапының қазақстандық консулдыққа берген ақпаратына сәйкес, жарақаттанған Қазақстан азаматтарының бірі жеңіл жарақат алған. Ол ауруханаға жатудан бас тартып, дәрігерлер тексергеннен кейін жіберілді. Екінші азаматымыз да жеңіл жарақат алып, бүгін қысқа емдеуден кейін ауруханадан шығарылды.
Өткен жылдың желтоқсан айында дәл осындай оқиға елде 12 адамның өмірін жалмаған болатын. "Bek Air" әуекомпаниясына тиесілі "Fokker 100" ұшағы 2-ге бөлініп қалған еді. Қазіргі уақытта басы дауға қалған компанияның 300-дей қызметкері жұмыссыз жүр. Одан бөлек билет құнын қайтара алмай отырған компанияны жолаушылары сотқа берді.
А. Данияр