Русский Сайттың толық нұсқасы

«Бақытты отбасы» жобасы шеңберінде 1000-нан астам жетімдер үйінің тәрбиеленушісі баспаналы болды

  • AstanaTV
  • 06 ақпан 2020
  • 2832

«Бақытты отбасы» жобасы шеңберінде 1000-нан астам жетімдер үйінің тәрбиеленушісі баспаналы болды. Бұл туралы «Nur Otan» партиясы төрағасының бірініші орынбасары Бауыржан Байбек мәлімдеді. Отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі республикалық қоғамдық кеңес отырысында осы салада жеткен өзге де жетістіктер айтылды. Толығырақ, тілші материалында.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 1994 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бала құқықтары туралы Конвенциясына қол қойды. Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасы Бауыржан Байбек Конвенцияны іске асыру бірнеше ұрпақ өміріндегі оң өзгерістерге ықпал еткенін атап өтті.

Бауыржан БАЙБЕК, "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Нәтижесінде, балалар өлімі бес еседен астам төмендеді. Білім берумен, соның ішінде мектепке дейінгі біліммен қамту соңғы 5 жылда 13,6%-ке ұлғайып, 95,2%-ті құрады. Инклюзивті білім беру дамуда, балалар үйлеріндегі жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың саны соңғы 10 жылда 2 еседен астам азайды, әлеуметтік қорғау жүйесі қалыптасты.

Бір жыл бұрын «Бақытты отбасы» жобасы аясында Отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі республикалық қоғамдық кеңес құрылды. Олар еліміздің 200 елді мекенін аралап, 1300-ден астам білім беру, денсаулық сақтау секілді мекемелердің жұмысын тексеріп шықты. Нәтижесінде анықталған келесздіктердің 70-ы түзетілді.

Динара ЗАКИЕВА, "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ ОТБАСЫ, ӘЙЕЛДЕР ЖӘНЕ БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Жыл сайын екі мыңдай ата-ана бала бағу құқығынан айырылады. Мыңға жуық бала кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына жіберіледі. Бұл осы отбасыларға дер кезінде көмектің көрсетілмеуінің салдары. Біз бұл көрсеткішті жақсарту мақсатында жұмыс істеуді тоқтатпаймыз.

Кеңес мүшелері қазір отбасы мәселесімен түрлі мемлекеттік органдар айналысатынын айтады. Осы орайда барлығын біріктіріп, жұмыстың нәтижесін күшейтуді жоспарлап отыр.

Ә. Өмірзақ