Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбеге 80 қоғамдық көлік керек

  • AstanaTV
  • 07 ақпан 2020
  • 2297

Ақтөбеге 80 қоғамдық көлік керек. Қаланың бағыттарына автобустар жетіспейді. Оның зардабын тартып отырған халық қақаған қысты сағаттап аялдамада тұруға мәжбүр. Қоғамдық көлік мәселесін жергілікті атқамінер қалай шешпек? Бақыт Рахметова біліп қайтты.

Ақтөбеде қоғамдық көлік жетіспейді. Аялдамадағы халықтың өкпесі қара қазандай. 
   
БЛИЦ:

- Бірінші әйел: «17 автобус Заречный-1 жаққа жүреді. Арақашықтығы 30-40минут. Қысты күні балдар тонып  аялдамада тұрып қалады. Сосын іші лас. Көне».

- Екінші әйел: «Кейбіреуі дұрыс қатынамайды күтіп тұрасын. Уақытымен жүрген жақсы ғой. Әсіресе үлкен кісілерге балаларға қиын.

- Үшінші әйел: «28 автобус міне келе жатыр. Өте көп күтесің.


Шахарда елу шақты бағытқа үш жүзден астам автобус қатынайды. Оны қала бойынша екі тасымалдаушы мекеме жүзеге асырып отыр. Бірақ Нұр-Ақтөбе, Батыс-2, Заречный секілді елді-мекендердің қоғамдық көлік мәселесі сол күйінде қалып тұр. 

Асанәлі БИМЫРЗА, АҚТӨБЕ қ. ЖОЛАУШЫЛАР АВТОКӨЛІГІ КӘСІПОРНЫНЫҢ ЖЕТЕКШІ МАМАНЫ:

 
Қазіргі кезде бізге автопаркті жаңарту керек. Бүгінгі күні елу шақты автобусты жаңарту қажет болып тұр. Жалпы автопарктің отыз пайыз көлігін ауыстыру қажет.

Ақарыс ТІЛЕУЛЕС, «АВТОПАРК» ЖШС ДИРЕКТОРЫ:

Бізде техника жетеді. Сол себепті 4 бағытты ұсынып отырмыз сызбаны. Батыс-2 оған тек екі ғана бағыт жүреді. Ол да әкімшілікке қарайтын ТОО құзырында сол себепті бізді ол бағытқа жібермей отыр. 46 мен 40 жүреді. Халықтың жағдайын ойлаймыз мәселені шешеміз дейді де халықты екі маршрутқа тәуелді қылып қойған.

Ал әкімдіктегілер тасымалдаушы мекемелердің екеуінде де автобус жетіспеушілігі бар дегенді айтып отыр.

Жайық ҚОДАШ, АҚТӨБЕ қ. ТҰРҒЫН ҮЙ КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІ МАМАНЫ:

Қазіргі таңда осы ағымдағы жылы жаңа автобус сатып алу барысында жетпейтін 80 автобусты сатып алу арқылы жетіспейтін бағыттарға күнделікті желіге шығатын соған қоямыз.
 
Жуықарада шенеуніктер мәселені шешу үшін соңғы жылдары бөлінгей келе жатқан субсидия мәселесін қолға алмақ. Ол үшін тасымалдаушы мекемелер толықтай электрондық билет жүйесіне көшірілуі тиіс деп отыр.

Б. Рахметова