Русский Сайттың толық нұсқасы

ШҚО көпбалалы аналары А.Құнанбаевтың 175 жылдығының құрметіне өткен челленджге қолдау білдірді

  • AstanaTV
  • 07 ақпан 2020
  • 2129

Шығыс Қазақстан облысының көпбалалы аналары, ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай қолға алынған челленджге қатысты. Бұдан бөлек ата-аналар, балаларымен бірге жаппай көшеге шығып, қардан тазалау акциясына ат салысты. Биыл қыста Алтай қаласына қардың көп түскені соншалық, оның биіктігі 3 метрден асады. Көпбалалы отбасылар су мен бояуды пайдаланып жиналған қардан кітап пен қыл қаламды жасап шықты. Олар челлендж эстафетасын көрші Қотан- Қарағай ауданының көпбалалы аналарына жолдады.

А.Қуаш