Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбеде құс фабрикасы жүзге жуық жұмысшысы наразылыққа шықты

  • AstanaTV
  • 10 ақпан 2020
  • 2314

Ақтөбеде құс фабрикасының жүзге жуық жұмысшысы наразылыққа шықты. Сөздерінше басшылық соңғы айдың жалақысын төлей алмай отырғаны аздай, енді 85 адамды екі айға ақысыз демалысқа кетуге мәжбүрлеп отыр дейді. Не жалақысыз, не  жұмыссыз далада қалған жұмысшылар  бүгін әкімдіктен  араша сұрап  келді. Тілшіміз Бақыт Рахметова тарқатады.

Бір айдан бері жалақысыз қалған құс фабрикасының жүзге жуық жұмысшысы бүгін облыстық әкімдіктің алдына жиналды. Сөздерінше онсыз да пәтер жалдап, қос -қостан несие төлейтін жұмысшылардың жағдайы кеткен. Оған қоса басшылық бүгіннен бастап 85 адамды екі айға  ақысыз демалысқа жіберіп жатыр деп наразы.

Шахан ӘБЖӘМИ, ЖҰМЫСШЫ:

Банк шотты жауып тастаған. Біздің талабымыз шотты ашып, бір айлық адамдардың жалақысын берсін дейміз. Соны ашылмайды 2-3 айға дейін жабық болады дейді. Біздердің барымыз квартирада тұрамыз. Бала-шағамыз бар.

Серік ШУДАБАЕВ, ЖҰМЫСШЫ:

Айлығымызды бермесе біз кредитті өтей алмаймыз. Біздің барығымызды безсодержаниеге жіберіп жатыр. Елу пайыз адамды. Барлығымызда бала-шаға отбасымыз бар. Кредиттеріміз бар. Әкімдікке келіп,  жаңа банкке барып көмек сұрап отырмыз.

Бұл құс фабрикасында 250-ге жуық адам қызмет етеді екен. Қазіргі басшылықтың сөзінше олар бұрыңғы қожайындармен соттасып жатыр. Оған қоса фабриканың банк алдында 300 миллион теңгедей несиесі тағы бар. Сондықтан банк компанияның шоттарын  жауып тастаған.

Ерхат ТӘЖ, "ADM INVESTMENT" ЖШС ДИРЕКТОРЫ:

Мен бүгін өз жұмысшыларыма жалақы беруім керек еді. Бірақ банк біздің шоттарды жауып тастады. Сондықтан жалақы төлей алмай отырмын. Бірақ сот шешімі шықпай тұрып, банк мұңдайға бармауы керек еді. Өйткені біздің мекеме әлеуметтік нысан бізде бір күнде жұмысты тоқтатуға болмайды.

Әкімдіктегілер жиналған халықты сабырға шақырды. Кәсіпорынмен банк арасында байланыс орнатып, фабриканың жұмысы тоқтамас үшін келіссөз жүргізетіндерін айтты.

Аманғали БЕРДАЛИН, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Біздер осы жетінің ішінде по любому с вами расчитаемся. Шақырып отырмыз банктің басшыларын сөйлесеміз. Шотты жалақы үшін ашқызамыз. Айлықты төлетеміз. Әрі  қарай директор коммерческий сұрақтарын банкпен талқылайтын болады. Қаржылық институт пен кәсіпкер екеуі өздері шешеді.


Осылайша әкімдіктегілер фабриканың жабылған шоттарын ашқызып,  жұмысшылардың жалақысыны төлетіп береміздеп уәде етті. 

Б.Рахметова