Русский Сайттың толық нұсқасы

Қордай қақтығысынан соң үш күнге жабылған Алматыдағы барахолка базары бүгін жұмысын қайта жалғастырды

  • AstanaTV
  • 11 ақпан 2020
  • 5270

Үш күнге жабылған Алматыдағы барахолка базары тек бүгін жұмысын қайта бастады. Әйтсе де сауда орталықтарының маңын әлі күнге дейін полиция мен әскерилер күзетіп жүр. Қауіпсіздік мақсатында уақытша жабылған базардың бүгінгі жәй-күйі қалай? Толығырақ Әсем Лесбек анықтап көрді.

Әсем ЛЕСБЕК, ТІЛШІ:

Қордайдағы оқиғадан соң уақытша жабылып бүгін қайта ашылған барахолка базарын тәртіп сақшылары әлі де күзетіп жүр. Әсіресе ұлттық ұлан сарбаздарын базарға жақын орналасқан көшелердің әр бұрышынан көруге болады.

Жәй күндері саудасы қыз-қыз қайнап жататын бұл базарларда бүгінде сауда қарқыны бәсеңдеген. Әсіресе көлік нөпірі мен адам аяғы үзілмейтін еді. Бірақ бүгін сауда-саттық азайған. Тұрғындар мұны Жамбыл облысындағы жағдаймен байланыстырады. Алайда үш күн бойы саудасын тоқтатқан саудагерлер бүгіннің өзінде үреймен тұрғандарын айтады.

ЖАСЫРЫН ТҮСІРІЛІМ:

Үш күн демалдық қой. - А үш күн? - Демалдырды. Ана жақты көрдің ба үш камаз келді ғой, амондар. Кешке жақын бір нәрсе болып кетпесін деп жүрміз ғой.

Базар маңында қаз-қатар тұрған полиция мен әскери көліктер жетерлік. Сарбаздар тәртіп сақшыларымен бірге аймақты күндіз-түні бақылауға алған. Жергілікті жұрттың пайымынша бұл қауіпсіздік мақсатында қолға алынған.

Бақыткүл СҰЛТАНБЕКҚЫЗЫ, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Енді қауіпсіздікті қорғау керек қой, бейбіт халықты қорғау керек. Тыныш болған ғой тыныш болған. Өзіміз сауда жасап дунғандардан жүретінбіз ғой.

Айта кетейік мұндағы бірнеше сауда орындары өткен сенбіден бастап жұмыстарын тоқтатқан болатын. Алайда базар әкімшілігі бұған Қордайдағы жағдайдың еш қатысы жоқ деп отыр. 

Дінмұханбет СЕЙІТҚҰЛОВ, «БАЙСАТ» БАЗАРЫНЫҢ ЗАҢГЕРІ:
 
Бізде екі күн санитарный день болды ғой. Ал дүйсенбі базарлар жұмыс жасамайды.  Ал бүгіннен бастап базар 100 пайызь жұмыс жасап жатыр. Біз санитарный күндері 8 - 9щы ақпан айында қар тазалау базаррдың ішін тазалады. Халықтың жағдайы үшін.

Осылайша жауаптылар Барахолка базарларын тәртіптік талап үшйін емес, санитарлық талап үшін жапқандарын айтады.

Ә. Лесбек