Русский Сайттың толық нұсқасы

Қордайдағы қақтығыстан қаза болғандардың саны тағы бір адамға өсті

  • AstanaTV
  • 13 ақпан 2020
  • 3002

Қордайдағы қақтығыстан қаза болғандардың саны тағы бір адамға өсті. Жартылай жанып кеткен тұрғынның денесі қираған ғимараттан табылған. Мәйіт Масаншы ауылындағы өртенген сауда орталығын тазарту кезінде үйінді астынан шығарылды. Алайда, оның жеке басы әзірге белгісіз. Сондықтан мәйітті анықтау үшін сот-медициниалық сараптамасы тағайындалды. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімінің баспасөз хатшысы айтты.

Гүлсара МҰХТАРҚҰЛОВА, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Масаншы ауылында сауда орталығын, яғни сол ғимаратты тазарту барысында үйінділердің астында адамның күйген денесі табылды. Мәйттің жеке басын анықтау үшін қазіргі таңда қажетті барлық сараптамалар тағайындалды.

Еске салайық, Жамбыл облысы Қордай ауданында қаңтардың 7-і күні жаппай тәртіпсіздік болған еді. Қарулы қақтығыс салдарынан жаңа дерек бойынша 11 адам көз жұмып, жүзден аса адам жарақат алған болатын. Қазір арнайы құрылғын Үкіметтік комиссия оқиға болған жерде өз жұмысын жалғастырып жатыр.

Б. Жұмабайұлы