Құнды қағаздар мен несие саясатын жүргізетін және екінші деңгейлі банктер қызметін бақылайтын Ұлттық Банктің өзінде заң бұзушылықтар анықталды. Бұл туралы бүгін Республикалық бюджетті бақылайтын есеп комитеті хабарлады. Белгілісі Ұлттық банктегі тексерістер Ұлттық қор мен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры жұмысына қатысты кешенді аудит жүрген. Алайда Бас банктің жұмысында нақты қандай олқылықтардың анықталғаны туралы Есеп комитетінің мамандары әзірге жақ ашпай отыр.
Нұрлан НҰРЖАНОВ, РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫН БАҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ ЕСЕП КОМИТЕТІНІҢ МҮШЕСІ:
Ал, бұл мәселені енді өздеріңіз білесіздер Мемлекеттік органдардың тиісті құпиялық мәселелері бар. Ол енді ашық айтуға, негізгі мәселелер бойынша болмайды.
Ұлттық Банкте аудиттік тексерісті Есеп комитеті соңғы рет осыдан 10 жыл бұрын жүргізіпті. Республикалық бюджеттің тиімді жұмсалуын қадағалайтын Есеп комитеті, қаржылық заң бұзушылықтар елде азайып келе жатқанын айтып отыр. Мәселен өткен жылы қаржылық заң бұзушылық 2018 жылмен салыстырғанда 4 есеге аз тіркелген көрінеді. Алайда Ұлттық Банкте анықталған заң бұзушылықты ашып айтпай отырған Есеп комитеті, ендігі жерде мемлекеттік органдарда ашықтық болады деп сендірді.
Нұрлан НҰРЖАНОВ, РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫН БАҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ ЕСЕП КОМИТЕТІНІҢ МҮШЕСІ:
Жариялық, ашықтық мәселесіне де біз көңіл бөлеміз деп жоспарлап отырмыз. Негізінен біздің Есеп комитеті тарапынан дайындалған және мемлекеттік органдарға берілген ұсынымдар мен тапсырмалардың, қандай тапсырма берілді және орындалды оны мына интернет ресурстарға ілу жсопарланып отыр.
Д. Мұхаммедкәрім