Русский Сайттың толық нұсқасы

ОҚО-да 7 жасар баласын ұрып-соққан ананың ісі сотта қаралуда

  • AstanaTV
  • 06 қазан 2017
  • 3156

Оңтүстік Қазақстан облысында баласын аяусыз ұрып соққан Ақмоншақ Батталғазиеваның ісі Қылмыстық кодекстің үш бірдей бабымен сотқа жолданды. Өлім аузында жатып, әупіріммен беті бері қараған 7 жасар Асыл Батталғазының бүгінгі жағдайы қалай? Анасының ұлын ұрғаны дәлелін тапты ма? Бұл жайында студиямен тікелей байланысқа шыққалы тұрған әріптесім Айзада Төребекқызынан сұрап білейік. Айзада соңғы жаңалықтармен бөліссеңіз.

Айзада Төребекқызы, тілші:

Ия, Ләйла, Асылдың анасы Ақмоншақ Батталғазиеваның қылмысы дәлелін тапқан. Бұл туралы бізге ішкі істер департаментінінің ресми өкілі Салтанат Қаракөзова  айтты. 26 жастағы келіншек бұған дейін сот шешімімен аналық құқығынан айырылған болатын.

Салтанат Қаракөзова, ОҚО ІІД ресми өкілі:

Сараптаманың қорытындысымен жасаған қылмысы дәлелденіп отыр. Негізінде аса ауыр дене жарақаттары салынған 7 жасар балаға. Азапталған 7 жасар бала және де осы қазіргі таңда бұл қылмыстық іс айыптау қорытындысымен арнайы сотқа жолданған. Ол бірінші «Ауыр дене жарақатын салу», «Азаптау», үшіншісі «Бала тәрбиесіне немқұрайлы қарағаны үшін».

Айзада Төребекқызы тілші:

Айта кетейін, ауыр соққыдан жарақат алып, салдарынан аяғын сылтып басып қалған сәбидің еркін сөйлеуі де қиын. Туған анасынан жәбір көрген Асыл өткен аптадан бері Шымкенттегі №3 балалар үйінің тәрбиесінде. Ол биыл алғаш рет мектеп табылдырығын аттады. Асылдың балалар үйіндегі тіршілігі мен денсаулығы жайында  ертең «Біздің уақыт» бағдарламасында кеңінен айтатын боламын.

Рақмет, Айзада. Естеріңізге салайын бізбен тікелей байланысқа шыққан Оңтүстік Қазақстандағы тілшіміз Айзада Төребекқызы болатын.