Қордайдағы оқиға бойынша 90-ға жуық қылмыстық іс қозғалды. Оның 11-і адам өлтіру дерегі бойынша. Бұдан бөлек ұрлық, қарақшылық та бар. Бұл туралы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев айтты. Кінәсі дәлелденгендер- заң алдында жауап береді. Ал жанжалдың шығуына себепші болған үш ағайынды да ұсталып, олардың ісі сотқа жіберілген.
Марат ҚОЖАЕВ, ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:
Қылмыстық істер саны күн сайын көбейіп жатыр. Себебі жаңа фактілері анықталды. Қазіргі уақытта қамауға алынғандардың ішінде полицейлерге қарсылық көрсеткен азаматтар да, егде адамды ұрғандар мен арандатушылар да бар. Қамауға алынған адамдардың санын уақыты келгенде айтамыз.
Ә. Өмірзақ