Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбеде сотталған төрт полицейдің жақындары жаппай наразылыққа шықты

  • AstanaTV
  • 19 ақпан 2020
  • 2911

Ақтөбеде күдіктіні азаптады деп айыпталған төрт полицей қамауға алынатын болды. Жоғарғы сот осындай шешім шығарған. Енді қалалық №4 полиция бөлімі бастығының бұрыңғы орынбасары мен полиция капитаны бес жылға тағы екі экс-полицей төрт жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Сондай-ақ олардың шендері мен атақтары кері қайтарылады. Бұл шешіммен келіспеген олардың жақындары бүгін жаппай наразылыққа шықты.

Күйініп, аштық жариялауға бекінген бұл адамдар кеше сотталған төрт полицейдің жақындары. Жанары жасқа толған аналар балаларының бостандыққа шығуын қалайды. Өйткені күні кеше Жоғарғы сот Ақтөбе қалалық №4 полиция бөлімі бастығының бұрыңғы орынбасары мен полиция капитанын бес жылға, қалған екі жедел уәкілді төрт жылға бас бостандығынан айырған. Олардың жақындары соттың бұл шешімімен келіспейді.

Әсия МЫРЗАБЕКОВА, СОТТАЛУШЫНЫҢ АНАСЫ:
 
Біз осы елдің азаматымыз. Осы ел үшін балдарымызды тәрбиеледік. Өсірдік. Енді осындай жағдайда отырмыз. Экспертиза ақтап тұр. Тек қана рецедивисттің көрсеткіші бойынша сотрудниктерді соттай берсе кім жұмыс жасайды. Дәлел жоқ. Соған қарамай жабық сотпен қайта соттап жатыр. Біресе шығарады. Біресе отырғызады. Ойыншық болдық біз. Ойыншық қылды уже.

Данияр ТЕМІРҒАЛИЕВ, СОТТАЛУШЫНЫҢ АҒАСЫ:

Бір уәжін тыңдаған жоқ. Прокуратураның фалсификациясы. Білмеймін. Осы біздің естуімізше облыстық прокурордың өзі айтты дейді. Бұл менің жеке ісім болып кетті деп личные амбиции прокурора области. Только ради этого все это делается. Қазір мен ұтылып қалсам менің орным кетеді. Мен соған бола істеп отрмын деп оны бәрі біліп отыр.

Қылмыстық іс материалдарына сүйінсек, оқиға 2019 жылдың 25 қаңтарында болған. Бір топ полицей жәбірленуішіні ұрып-соғып, азаптап, жасамаған қылмысын мойындатпақ болған көрінеді. Тергеу тоғыз айға созылып, қалалық сот төрт полицейді де кінәлі деп тапты. Бірақ 28 қарашада облыстық апелляциялық сот құқық қорғаушыларды ақтап шығарған болатын. Жоғарғы сот болса, өз қаулысымен төрт полиция қызметкерді де қайта жазаға  тартты.  

Айдос САДУАҚАСОВ, ҚР ЖОҒАРҒЫ СОТЫ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСШЫСЫ:

Аталған тұлғалар Есанов пен Темірғалиев бес жылға Ходжиев пен Таласбаев төрт жылға сотталған болатын. Кассациялық бірінші сатыдағы соттың үкімін күшінде қалдыру барысында апелляциялық соттың істің нақты мән-жайларына сәйкеспейтін және кейбір нақты деректерді дұрыс бағаламағаны үшін апелляциялық сатының қаулысы күшін жойды. Осы ретте кассациялық алқаның шешімімен келіспесе тараптар жоғарғы сот төрағасының ұсынымына жүгіне алады.

Десе де сотталған полицияның экс- қызметкерлерінің жақындары Жоғарғы сот төрағасының атына істі қайта қарауды сұрап арызданған. Олар тіпті    Ішкі Істер Министрлігі мен Президентке дейін араша сұрап ашық хат жолдап отыр.
 
Б. Рахметова