Русский Сайттың толық нұсқасы

70-ке жуық азамат Ішкі Істер Министрлігіне шағымданды

  • AstanaTV
  • 19 ақпан 2020
  • 2684

Бүгін 70-ке жуық азамат Ішкі Істер Министрлігіне шағымданды. Мұндай мүмкіндікті "Nur Otan" партиясы жасап отыр. Республикалық қоғамдық қабылдауға келген әрбір азаматтың арыз-шағымын министр Ерлан Тұрғымбаевтың өзі тыңдады. Көпшілігі жергілікті құзырлы органдардың әрекетсіздігіне наразы. Айтуларынша, алаяқтық, зорлық-зомбылық және адам өлтіру қылмыстарына кінәлілер әділ жазасын алмаған. Айта өтейік, ведомство мұндай қабылдауды осымен 4-рет өткізіп отыр.

Нұрділдә ОРАЗ, ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІЛІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:
 
"Nur Otan" партиясына келіп жатқан, осы анализ жасап қарап отыратын болсақ, шамамен 80 %-дайы азаматтар көбіне өзіне қанағаттанарлық жауаптар ала алады. Міне, бүгін де өздеріңіз куә болғандай түрлі сұрақтар келіп жатыр. Солардың әрқайсысы бойынша министр өзі жеке тыңдап, жеке тапсырма беріп, ол міндетті түрде сол өңірлерде бастықтардың құзіретінде шешімін табады.

А. Мүтәлі