Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылжарлықтар короновирустан аман

  • AstanaTV
  • 20 ақпан 2020
  • 2188

Тайландтан келген қызылжарлықтар жоғары температурамен ауруханаға жеткізілген. Жедел-жәрдем қызметкерлері коронавирустан қауіптеніп, оларға арнайы киіммен келді. Қытайда тараған вирус қазір теріскейліктердің де үрейін қашырған. Абзал Құрманкиннің репортажы.

Тайландтағы демалыстан соң, үйге келген отбасының дене қызулары көтерілген. "Олар қауіпті індетті жұқтырды" деген болжаммен, басынан-аяғына дейін оранған дәрігерлер көмекке келді. Бұл көріністі тұрғындардың бірі таспаға басып алған. Бейнежазба кешелі бері әлеуметтік желіде тарап, қызу талқыға түсті. Аураханаға жеткізілген отбасы болса, медициналық сараптамалардан өткен. 

Олег ЗАВЬЯЛОВ, ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ:
 
Бұл отбасы Петропавлға ақпанның 13 күні келген. Бірнеше күннен кейін олар денсаулығының нашарлағанын байқады. Арнайы сараптама олардың тұмаудың А типін жұқтырғанын көрсетті. Қазір олардың дене қызуы әлі түскен жоқ. Бірақ жағдайлары тұрақты деп айтуға болады.

Қытайдағы эпидемиологиялық жағдайдан хабардар қызылжарлықтар қазір Қиыр Шығысқа барудан бас тартқан. Туркомпаниялар жұрт Тайланд пен Вьетнамнан қарағанда, көп жағдайда Мысыр не Түркияны таңдайды, деді.

Наталья ЗВАРИЧ, ТУРИСТІК КОМПАНИЯНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Қытайға әуе рейстері жабылған кезде тұрғындарға жолдамалардың құны 100 пайыз қайтарылған болатын. Олардың көбі Арабия мен Еуропа елдерін таңдады. Ал Қиыр Шығыста демалуды жөн санаған адамдардың саны былтырғы жылмен салыстырғанда екі есе қысқарды.

Дегенмен Тайландқа бірнеше айға қоныс аударған азаматтарда бар екен. Олар онда жағдай қалыпты деп отыр. Жаппай бетперде киіп жүргендер де кездескен жоқ деді. Ал, коронавирус жайлы ақпараттарды тек жаңалықтардан ғана естігендерін айтады. 

Валентина ГОЛОВАЩЕНКО, ТУРИСТ:

 
Біз Тайландтың Пхукет қаласында қаңтардың сегізінен бастап демалып жатырмыз. Барлық тұрғындар еркін жүр. Коронавирус туралы әңгіме мүлде қозғалмайды. Тек сауда үйлерінде дене қызуын тексеретін құрылғылар тұр. Адамдар оған мән бермейді. Жалпы туристердің көңіл күйі жақсы.

Абзал ҚҰРМАНКИН, ТІЛШІ:

Бірақ, турагенттіктердің мәлімдеуінше, аспанасты елінің курортық аймағы наурыз айынан бастап жұмысын жандандырмақ. Бүгіннен бастап бұл жаққа туристік жолдамалар сатылымға шығарылған. Алайда билік бұған рұқсат ете ме? Ол жағы ізңр белгісіз.

А. Құрманкин