Ел аумағында орналасқан әскери күштер және зымыран қалдықтары құлайтын полигондар толықтай жабылсын! Бүгін бас қалада ардагерлер мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына осындай үндеу жолданды. Тәжік-Ауған шекарасындағы қарулы қақтығыс ардагерлері көтерген бұл бастаманы өзгеде қоғамдық ұйымдар қолдады. Ардагерлер ұйымының жетекшісі Мұрат Мұхамеджанов: «Мемлекет жері уланған әскери полигондарға миллиардтаған қаржы шашқанша, көрші елдің зымырандарын сынақтан өткізуге тиым салу керек»-деді.
Мұрат МҰХАМЕДЖАНОВ, ТӘЖІК-АУҒАН ШЕКАРАСЫНДАҒЫ ҚАРУЛЫ ҚАҚТЫҒЫС АРДАГЕРЛЕРІ ҰЙЫМЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:
Гептил болған жерде радиация бар. Зардабы көп. Онда шөпте шықпайды, адам да ауырады, мал да ауырады. Халық қырылады ғой ертең. Осы жөнінде ғой әңгіме. Оларды тоқтаптай болмайды. Анау Семейдің полигон есіңізде болар.
Асанхан ЫСҚАҚ, «ЖЕР ТАҒДЫРЫ» ҚОҒАМДЫҚ ҰЙЫМЫНЫҢ БЕЛСЕНДІСІ:
Бұл жерде жалғыз Ресей әскерилерін қуып шығу мәселесі тұрған жоқ. Болашақта кез келген мелекет, «Бізде сенің жеріңде қару сынайық», деуі мүмкін. Жоқ деуге ауыз бармайды. Өйткені, олар Ресейге бергенде бізге неге бермейсің дейді. Сондықтан біздің жерімізде ешқандай мемлекет ешқандай қаруды сынамауы керек.
Д. Мұхаммедкәрім