Русский Сайттың толық нұсқасы

"Азаматтық алаң" пікірталас алаңы ашылды

  • AstanaTV
  • 20 ақпан 2020
  • 3446

Наурыз мерекесін отбасылық мерекеге айналдыру қажет. Бүгін ғана ашылған пікірталас алаңында алғаш болып "Наурыз мейрамын" атап өту туралы ұсыныстар талқылады. Елбасының "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында ашылған жобаның мақсаты еркін форматтағы кездесулерді көбейтіп, өзекті мәселелерді ортаға тастау. Ақпарат және қоғамдық даму вице - министрі Ғабидолла Оспанқұловтың төрағалығымен өткен отырыста, Наурыз мерекесі 14 мен 22-сі аралығында өткізу ұсынылды. Сондай-ақ әр күнге атау қойып, ұлттық құндылықтарды насихаттауға кеңінен жол берілмек.

Ғабидолла ОСПАНҚҰЛОВ, ҚР АҚПАРАТ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

31 желтоқсаннан жаңа жылдан, Ұлыстың Ұлы күніне аударсақ деген мақсатпен ұсынып отырмыз. "Наурыз сыйлық", "Наурыз фэшн уэйк" деген сияқты тағы да басқа маркетинг шараларын енгізсек деген ұсынысымыз бар.


А. Данияр